Ақылы автомобиль жолдары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
АҚШ, Флорида штатындағы ақылы жолға өткізу бекеті
Hongkong

Ақылы автомобиль жолы (ағыл. toll road, нем. Mautstrasse) деп белгілі бір жүріп өту төлемін талап ететін жолды атайды. Көптеген дамыған елдерде қолданылатын бұл жүйе автомагистраль, көпір және туннельдердің құрылысын қаржыландырып, лайықты деңгейде пайдалану сапасын қамтамасыз етудің тиімді әрі оңтайлы тәсілі болып табылады.

Қаржыландырылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Build-Operate-Transfer

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шетелде көптеген ақылы жолдар Build-Operate-Transfer (BOT), яғни Құрылыс-Пайдалану-Өткізу моделі бойынша салынып, қолданысқа беріледі. Жеке компаниялар өз қаражатына жол құрылысын жүргізіп, анықталған уақыт аралығында өз иелігінде ұстайды. Пайдалану мерзімі өтіп кеткеннен соң, жол иелігі мемлекетке өткізіледі. Австралия, Канада, Гонгконг, Үндістан, Онтүстік Кореа, Жапония сияқты мемлекеттерде бұл жүйе автомобиль жолдарын салу және пайдалану бойынша басымдыққа ие.

Әртүрлі елдердегі ақылы жолға өткізу бекеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]