Ақылбек Үсенбекұлы Жапаров

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ақылбек Үсенбекұлы Жапаров
қыр. Акылбек Үсөнбек уулу Жапаров
Ақылбек Үсенбекұлы Жапаров
2021 жылғы суреті
Лауазымы
Ту
Ту
Қырғызстан Министрлер Кабинетінің 2-ші төрағасы
Ту
Ту
12 қазан 2021 жыл
Президент Садыр Жапаров
Ізашары Ұлықбек Мәріпов
Ту
Ту
Қырғызстанның Экономика және сауда министрі
Ту
Ту
27 желтоқсан 2007 жыл — қазан 2009 жыл
Президент Құрманбек Бәкиев
Ту
Ту
Қырғыз Республикасының Жогорку Кеңешінің депутаты
Ту
Ту
2005 жыл — 2007 жыл
Президент Құрманбек Бәкиев
Премьер-Министр Игорь Чудинов
Өмірбаяны
Партиясы Социал-Демократиялық (2005 бұрын)
Ар-Намыс (2005 бастап)
Білімі Фрунзе политехникалық институты (1986)
Бішкек қаржы-экономикалық академиясы (2002)
Ғылыми дәрежесі экономикалық ғылымдар докторы
Мамандығы құрылысшы-инженер
Діні ислам
Дүниеге келуі 14 қыркүйек 1964 (1964-09-14) (60 жас)
Рыбачье, Қырғыз КСР, КСРО (қазіргі Ыстықкөл облысы, Қырғызстан)
Әкесі Үсенбек Жапаров
Анасы Бегайым Сарынжиева
Балалары қыздары: Саадат және Ажар;
ұлы: Мақсат
Ғылыми қызметі
Ғылыми аясы экономика
Жұмыс істеген орны Фрунзе политехникалық институты

Ақылбек Үсенбекұлы Жапаров (қыр. Акылбек Үсөнбек уулу Жапаров; 14 қыркүйек 1964, Рыбачье, Ыстықкөл облысы) — қырғызстандық инженер, саясаткер, саяси қайраткер және 2021 жылы 12 қазаннан бері Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы. Осыған қоса Ақылбек Жапаров 13 қазаннан бері Қырғыз Республикасы Президенінің әкімшілігін басқаруда.

Экономика мен қаржы бағытында білім алған Ақылбек Жапаров тағы Ақаев және Бәкиев әкімшіліктерінде министр болып жұмыс істеді.

Ерте жылдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақылбек Жапаров 1964 жылы 14 қыркүйек күні доктор Үсенбек Жапаров және инженер Бегайым Сарынжиева отбасында дүниеге келді.[1]

Мектеп жылдарында Комсомолда өте белсенді болған. Ол 1981 жылы мектебін бітіріп, 1986 жылы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетін және 2002 жылы Бішкек қаржы-экономикалық академиясын бітірді.[1]

1987 және 1991 жылдары Ақылбек Жапаров өзі оқыған Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінде білім берді.

Саяси мансабы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жапаров саяси қызметін 1992 жылдың шілдесінен 1993 жылға дейін Асқар Ақаевтың президент әкімшілігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі болып бастады. 1993 жылы қазанда Қырғызстан социал-демократиялық партиясының жауапты хатшысы, аппарат басшысы болды және бұл қызметті 1995 жылдың сәуіріне дейін атқарды.[2]

1995-1996 жылдары бірінші вице-премьер-министрдің көмекшісі қызметін атқарды. 1996 жылдан 1997 жылғы қарашаға дейін Бағалы қағаздар нарығы жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы, 1997 жылғы қарашадан 2000 жылғы 20 сәуірге дейін Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік салық инспекциясының төлемдерді өндіріп алу басқармасының бастығы болды.[2]

Жапаров 2000 жылдың 20 сәуірінен 2005 жылдың наурызына дейін Демократиялық күштер одағы сайлау блогының партиялық тізімі бойынша Жоғарғы Кеңестің бұрынғы жоғарғы палатасы Заң шығарушы Ассамблеясының депутаты болды. «Қырғызстанның аймақтары» депутаттық тобының мүшесі болды. Сондай-ақ, Заң шығарушы ассамблеяның Салық, кеден және басқа да міндеттер комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

«Қызғалдақ төңкерісі» президент Ақаевты тақтан тайдырғаннан кейін, 2005 жылдың 26 ​​наурызы мен 2007 жылдың 27 желтоқсаны аралығында Жапаров Құрманбек Бәкиев тұсында экономика және қаржы министрі қызметін атқарды. Ол Украина өкілдерімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық мәселелері бойынша үкіметаралық келіссөздер жүргізді. 2007 жылғы 27 желтоқсаннан 2009 жылғы қазанға дейін Экономикалық даму және сауда министрі қызметін атқарды. Кейін ол 2009 жылдың 22 қазанынан 2010 жылға дейін бірінші вице-премьер қызметін атқарды.[3]

Жапаров Қырғызстанның Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) «ауыр қарызы бар кедей елдер» бағдарламасына кіруін жақтаған.

2021 жылдың 1 маусымында Жапаровты президент Садыр Жапаров Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары және экономика және қаржы министрі етіп тағайындады. 2021 жылдың 12 қазанында Президент Садыр Жапаровтың жарлығымен Ұлықбек Мәріповтың орнына Ақылбек Жапаров Министрлер Кабинеті төрағасының міндетін атқарушы болды. 2021 жылдың 13 қазанында президент Садыр Жапаровтың жарлығымен Ақылбек Жапаров Министрлер кабинетінің төрағасы болып тағайындалды.

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жапаров — полиглот, қырғызша, орысша, ағылшынша және түрікше сөйлейді. Ол "Салықтар: кеше, бүгін, ертең, экономиканы жаңғырту стратегиялары, қырғыз экономикасын жаңғырту" кітабының және көптеген басқа қаржы жайлы мақалалардың авторы болып келеді.

Жапаров үйленген, екі қызы, Саадат пен Ажар және ұлы Мақсат бар.

2014 жылы жер теліміне қатысты алаяқтық туралы жария айыптаулардың тұсында Жоғарғы кеңес мүшесі Ирина Юрьевна Карамушкина (орыс.) Жапаров бірнеше ғимараттың, соның ішінде Бішкектегі «Дамас» халықаралық қонақ үйінің, шамамен құны 6 миллион доллар жылжымайтын мүлік қожайыны екенін мәлімдеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Первым вице-премьер-министром Кыргызстана назначен Акылбек Жапаров (биография) (орысша) Ақылбек Жапаровтың биографиясы. 22 қазан 2009
  2. a b Жапаров Акылбек Усенбекович (орысша) Еуразия Экономикалық Коммисиясы сайты.
  3. ЖАПАРОВ Акылбек Усенбекович. centralasia.org. 12 қазан 2021.