Мазмұнға өту

Ақжелкек

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Horseradish

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Eudicots
(unranked) Rosids
Сабы: Brassicales
Тұқымдасы: Brassicaceae
Тегі: Armoracia
Түрі: A. rusticana
Екі-есімді атауы
Armoracia rusticana
G.Gaertn., B.Mey. & Scherb.

Ақжелкек[1] ,ж е л к е к (лат. Armoracia) – орамжапырақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер.

Қазақстанның барлық аудандарында егіледі. Оның бір түрі — к ә д і м г і Ақжелкек(A. rustіcana) — жабайы түрінде бақтарда, егістіктерде өседі. Қазақстанның көптеген аймақтарында қолдан өсіріледі. Ақжелкектің биіктігі 1 м-дей, сабағы тік, жоғарғы жағы бұтақты келеді. Тамырға жақын өскен жапырақтары сопақша, жұмыртқа пішінді, ортаңғы сабақтан шыққан жапырақтары ұзынша қандауыр, ал сабақ ұшындағы жапырақтары таспа тәрізді, жиектері тегіс, кейде тісшелі болады. Гүлі ақ түсті, хош иісті. Тұқым салмайды. Маусымда гүлдейді, өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Суыққа төзімді. Оның тамыры мен жапырақ құрамында тұздар (калий, натрий, фосфор, темір, хлор, мыс), эфир майы, С витамині, фитонцидтер, лизоцим ферменті т.б. бар. Ақжелкектің тәбет ашатын ерекше иісі оның құрамындағы аллил майы мен глюкозид-сингринге байланысты.

Ақжелкек көкөніс, дәрілік заттар ретінде қолданылады, тамыры мен жасыл жапырағы қияр, томат, саңырауқұлақтарды тұздап, бұқтырғанда пайдаланылады.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы