Акустикалық монтаж

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Акустикалық монтаж - радиохабардағы жеке дыбыстық элементтерді және дыбыстық үзінділерді бір құрылымдық жүйемен үнтаспада басын қосып, біріктіріп жазудың техникалық процесі. [1]

Сонымен қатар мазмұндық және дыбыстық құрылымдар байланысының біртұтас жүйесі, яғни драматург, конструкция қызметін атқарушы жүйе.

Монтаж автордың идеолог және эстетикалық позициясын көрсетуші, көркем ойын таныту әдісі және шындықты шығармашылық ой елегінен өткізудің көрсеткіші. 

Монтаж - деректі материалды көркемдеп ұйымдастырудың тәсілі. Бір пікірді бірнеше мағынада қолданып, әр оқиғаның мазмұнын бірнеше қырынан ашу үшін пайдалануға болады. Монтажды тікелей эфирде де іске асыруға болады, яғни жалпыхалықтық, ұлттық сипаттағы хабарларды ұйымдастырудың, бір тақырыпты ашу аясында бірнеше хабарды бір-бірімен сабақтастыра беру. Бұл - монтажды қосақтастырып қатар қолдану түрі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5