Мазмұнға өту

Айдын Жұмаділұлы Рақымбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Айдын Рақымбаев
Айдын Жұмаділұлы Рақымбаев[1]
Туған күні

20 қыркүйек 1972 (1972-09-20) (52 жас)

Туған жері

Казнаковка ауылы, Самар ауданы, ШҚО

Азаматтығы

 Қазақстан

Қызметі

BI Group директорлар кеңесінің төрағасы

Жұбайы

Рақымбаева (Аманжолова) Анар Амангелдіқызы

Балалары

7 бала

Марапаттары мен сыйлықтары
Сайты

company.bi.group

Айдын Жұмаділұлы Рақымбаев (1972 жылы 20 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Самар (қазіргі Көкпекті) ауданы, Казнаковка (қазіргі Құлынжон) ауылында дүниеге келген) — қазақстандық кәсіпкер, филантроп. BI Group холдингінің акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. YPO Kazakhstan президенті.

2020 жылы ол Қазақстанның ең бай 50 бизнесменінің тізімінде 11-ші орынға ие болды (жеке байлығы 514 миллион долларға бағаланады)[2], Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің тізімінде 5-ші орын алды.[3]

1972 жылы 20 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында туған. Қазақ. Әкесі — Рақымбаев Жұмаділ Сағидоллаұлы. Анасы — Рақымбаева Күләра Омарқызы. Целиноград инженерлік құрылыс институтын (1997) «Автокөлік және автокөліктік шаруашылық» мамандығы бойынша; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін (2002) «Құқықтану» мамандығы бойынша; Халықаралық бизнес академиясын (2007) іскер әкімшілдік магистры мамандығы бойынша бітірген. Орыс, қазақжәне ағылшын тілдерін біледі. 1995 жылдан — «АзТЭК» ЖШС директоры (Астана қаласы). 2003 жылдан — «Билд Инвестментс Групп» ЖШС директоры (Астана қаласы). 2005 жылдан бері — Астана қаласы «Билд Инвестментс Групп» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Қазақстандық Құрылыс салушылар кеңесі ассоциациясының төрағасы, «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы басқармасының мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, «Париж-Дакар» қазақ құрамасының мүшесі (2008). «Қамқор» бірлескен қайырымдылық қорының тәлімгері (2004 жылдан), мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай» жыл сайынғы шығармашылық конкурсының ұйымдастырушысы. «Нұр Отан» ХДП бірінші орынбасарының штаттан тыс кеңесшісі (2007 жылдан). «Құрмет» орденімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; ҚР Президентінің құрмет дипломымен марапатталған. ҚР автомобиль кросы чемпионаты кезеңінің қола лауреаты; қысқы трек автомобиль жарысы бойынша ҚР Ашық кубогының жеңімпазы (2008).

Діни көзқарасы — діндар.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы — Б. Клинтон.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Орта Азиядағы ең өркендеген демократиялы мемлекет».

Хоббиі — кітап оқу, отбасылық туризм; экстрим.

Сүйіп оқитын әдебиеті — Э. Хемингуэй, Г.Г. Маркес, У. Фолкнер.

Үйленген. Жұбайы — Рақымбаева Анар Амангелдіқызы, «Бесінші элемент» интеллектуалды мектептің жетекшісі. Ұлдары — Рақымбаев Әлихан, Рақымбаев Арыстан; қызы — Рақымбаева Аружан.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ. gov.kz (31 желтоқсан 2020)
  2. 50 богатейших бизнесменов Казахстана - 2020  (орыс.). forbes.kz (29 қазан 2020).
  3. 50 самых влиятельных бизнесменов - 2019  (орыс.). forbes.kz (15 қазан 2020).
  4. «Қазақстан Республикасында кімнің кім екені» — 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2