Азия тарихы
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Азия тарихы — бірнеше тарихы және географиялық өңірлердің, Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс пен Еуразия далалары, тарихын сипаттауға арналған ұғым. Генетикалық өзгерістерге сүйене отырып, ғалымдар бұл аймаққа адамдардың шамамен 40 000 әлде 50 000 жыл бұрын келгенін анықтаған, яғни бұл жерді адам баласы ерте замандардан бері мекен етіп келеді. Еуразия жазығында Шығыс Азия, Оңтүстік Азия жіне Таяу Шығыс өзара бір-бірімен тығыз байланысады. Мысырды қоспағанда, Азия құрлығы көптеген ежелгі өркениеттердің бастау алған жері. Мысырдың және Солтүстік Африка жағалауларының ежелгі тұрғындары азиялықтар болуы мүмкін. Олар Америка үндістері мен эскимостарының ата-бабалары болған. Еуропалық ұлттар, ғұндар, түріктер, моңғолдар сияқты азиялық айбатты жауынгерлердің және бұлғарлар, мадиярлар, финдер іспетті азиялық отырықшы халықтардың Батысқа ығысқан басым бөлігінен қалыптасты. Б.з.д. 3500 жыл бұрын Месопотамияның Тигр-Ефрат жазығында ең ежелгі өркениет дамыды. Ол Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан Солтүстікке қарай созылған “Құнарлы жарты ай” деген атаумен белгілі. Б.з.д. шамамен 2500 жыл бұрын Үнді жазығында, қазіргі Пәкістан жерінде және Солтүстік-Батыс Үндістанда тағы бір өркениет дами бастады, Солтүстік және Орталық Қытайда б.з.д. 1700 жыл бұрын, Хуан Хэ және Янцзы жазықтарында басқа да ежелгі өркениеттер қанат жайды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Континенттер" энциклопедиясы