Мазмұнға өту

Бертрам Брокхауз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бертрам Брокхауз
ағылш. Bertram Brockhouse
Туған күні

15 шілде 1918 (1918-07-15)

Туған жері

Летбридж, Канада

Қайтыс болған күні

13 қазан 2003 (2003-10-13) (85 жас)

Қайтыс болған жері

Гамильтон, Канада

Азаматтығы

 Канада

Ғылыми аясы

физика

Марапаттары


Оливер Бакли сыйлығы (1962)
Дадделл медалі және сыйлығы (1963)
Стипендия Гуггенхайма (1970)[1]
Нобель сыйлығы Физика саласындағы Нобель сыйлығы (1994)

Үлгі:Канада орденінің компаньоны
Сайты

nobelprize.org

Бертрам Невилл Брокхауз (15 шілде 1918 – 13 қазан 2003)[2]канадалық физик. Ол физика бойынша Нобель сыйлығымен (1994, Клиффорд Шаллмен бөлісті) «конденсацияланған заттарды зерттеуда нейтрондардың шашырау әдістерін дамытуға қосқан алғашқы үлесі үшін», атап айтқанда «нейтрондық спектроскопияны дамытқаны үшін» марапатталды.[3][4]

Ерте жылдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Брокхауз Альберта штатының Летбридж қаласында дүниеге келген және Британдық Колумбия университетінің (бакалавр, 1947) және Торонто университетінің (магистр, 1948; Ph.D, 1950) түлегі.[5]

Мансап және зерттеу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1950 жылдан 1962 жылға дейін Брокхауз Канаданың Чок-Ривер ядролық зертханасында атом энергиясы бойынша зерттеулер жүргізді. Мұнда оған Үндістанның ядролық бағдарламасының әкесі ретінде қарастыралатын П.К. Иенгар қосылды.

1962 жылы ол Канададағы Макмастер университетінің профессоры атанды, онда 1984 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеді.

Брокхауз 2003 жылы 13 қазанда Гамильтон қаласында, Онтариода 85 жасында қайтыс болды.

Марапаттар мен құрметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Брокхауз 1965 жылы Корольдік Қоғамның мүшесі болып сайланды.[2] 1982 жылы Канада орденінің офицері атанды және 1995 жылы компаньон дәрежесіне көтерілді.

Брокхауз 1994 жылы физика бойынша Нобель сыйлығын MIT-лық американдық Клиффорд Шаллмен [6] конденсацияланған заттарды зерттеуде нейтрондардың шашырау әдістерін әзірлегені үшін бөлісті.

2005 жылдың қазан айында Онтарио штатының Гамильтон қаласында Макмастер университетінің құрылғанына 75 жыл толуы аясында университет кампусындағы көше (Университет авенюсы) Брокхаузтың құрметіне Brockhouse Way деп өзгертілді. Онтариодағы Дип-Ривер қаласы да оның құрметіне көшеге ат берді.

1994 жылы Бертрам Брокхауз жеңіп алған Нобель сыйлығы (Клиффорд Шаллмен бөлісті) ең ұзақ күту уақытынан кейін берілді (сыйлық алған уақыттан зерттеу жүргізілген уақытқа дейін есептегенде).

1999 жылы конденсацияланған заттар және материалдар физикасы бөлімі (DCMMP) және Канадалық физиктер қауымдастығы (CAP) Брокхауз құрметіне медаль жасап шығарды. Медаль Брокхауз медалі деп аталады және конденсацияланған заттар мен материалдар физикасына көрнекті эксперименттік немесе теориялық үлестерді тану және ынталандыру үшін беріледі. Бұл медаль жыл сайын конденсацияланған заттар физикасына қосқан көрнекті эксперименттік немесе теориялық үлестері негізінде беріледі. Сәйкес үміткер өз зерттеулерін негізінен канадалық мекемеде орындаған болуы керек.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Bertram N. Brockhouse  (ағыл.). gf.org.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 21 сәуір 2019.
  2. a b Cowley, R. (2005). "Bertram Neville Brockhouse. 15 July 1918 - 13 October 2003: Elected F.R.S. 1965". Biographical Memoirs of Fellows of the Royal Society 51: 51–65. doi:10.1098/rsbm.2005.0004. 
  3. science.ca profile of Bertram Brockhouse
  4. Brockhouse biographical details from nobelprize.org
  5. Brockhouse and the Nobel Prize - Canadian Neutron Beam Centre. neutron.nrc-cnrc.gc.ca. Басты дереккөзінен мұрағатталған 17 ақпан 2009. Тексерілді, 2 маусым 2008.
  6. Clifford G. Shull, co-winner of 1994 Nobel Prize in physics, is dead at 85. MIT-News. Massachusetts Institute of Technology (2 сәуір 2001). — «Professor Shull shared the 1994 Nobel Prize with Professor Bertram S. Brockhouse of McMaster University, Hamilton, Ontario, Canada.»  Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 мамыр 2012. Тексерілді, 27 желтоқсан 2010.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]