Мазмұнға өту

Вероника шашы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Вероника шашы
лат. Coma Berenices (і. с. Comae Berenices)
Қысқартылуы

Com

Символы

Береника патшайымның шашы

Тура көтерілуі

11h 52m бастап  13h 30m дейін

Еңістігі

+14° бастап  +34° дейін

Ауданы

386 кв. градус
(42 орын)

Ендіктерде көрінуі

+90° бастап  −56° дейін

Ең жарық жұлдыздары
(көрінерлік жұлдыздық шама < 3m)

жоқ; ең жарығы
β Com — 4,26m

Метеор ағындары

Кома-Береницидтер

Көршілес шоқжұлдыздар
Вероника шашы.

Вероника шашы (лат. Coma Berenices) — солтүстік аспан жартышарындағы шоқжұлдыз. Аспандағы алып жатқан аумағы 386,5 квадрат градус. Жай көзбен көрінетін 64 жұлдызы бар, оның ішінде 6m жарығы - 50. Бұл шоқжұлдызда Галактикамыздың солтүстік полюсі орналасқан және мыңдаған галактикалар мен олардың жүздеген кластерлері көрінеді.

Бұл шоқжұлдызда жарық жұлдыздар жоқ, ең жарық β Вероника шашы 4,26m жұлдыздық шамада. Оған қарап, 27 жарық жылы қашықтықта Күннің қалай көрінетінін түсінуге болады.

Екінші ең жарық жұлдыз Диадема (α Вероника шашы) деп аталады, жұлдыздық шамасы 4,32m. Ол қосарланған жұлдыз, мүмкін тұтылмалы-айнымалы, оның құрамдас бөліктері бірдей жұлдыздық шамада. Диадема - шоқжұлдыздағы жалғыз атауы бар жұлдыз.

Назар аударатын нысандар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Осы шоқжұлдызда Галактиканың солтүстік полюсі орналасқан, тура көтерілуі = 12h 51m еңістігі = +27° 07' (ең жақын жай көзбен көрінетін жұлдыз — 31 Вероника шашы).
  • Вероника шашында өте алыс (370 млн жарық жылы) және бай Вероника шашы галактикалар шоғыры бар, оған Кома есімі берілген.
  • Шоқжұлдыздың оңтүстік шекарасында ірі Бикеш галактикалар шоғыры басталады, ол бізден 42 млн жарық жылы қашықтықа ғана орналасқан, сондықтан бұрыштық диаметрі үлкен (шамамен 16 градус). Бұл шоғырда 3000-нан астам галактика, оның ішінде бірнеше спираль галактика бар: көру сәулесіне қатты еңкіш M 98, жалпақ көрінетін M 99, үлкен спираль галактикалар M 88 және M 100 байқалады.
  • Шағын телескоп сізге осы шоқжұлдыздан M 53 және NGC 5053 жақын шар тәрізді үйіржұлдыздарын, сондай-ақ ядросының айналасында үлкен қара шаңды бұлттары бар Қара көз галактикасын (M 64) көруге мүмкіндік береді.
  • Вероника шашында Mel 111 (Мелотт 111) жұлдыздар шоғыры орналасқан. Бұл 5-тен 10-ға дейінгі жұлдыздық шамадағы жұлдыздардан құралған ірі тарқақ үйіржұлдыз. Үйіржұлдыз аспанда диаметрі 5°-қа жуық аумақты алып жатыр, ол γ Вероника шашының жанында орналасқан. Оған дейінгі қашықтық - шамамен 270 жарық жылы.

Атауының шығу төркіні

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Береника II

Бұл шағын және көмескі жұлдыздар тобы ежелгі гректерде астеризм деп саналды. Оны жұлдыздары тиесілі Арыстан (құйрығындағы «шашақ»), Бикеш (Герместің «Кадуцейі») және Сиыршы («бидайдың бауы»).

Аңыз бойынша (Каллимах, «Берениканың бұрымы»), бұл шоқжұлдыз өзінің есімін Египет патшасы Птолемей III Эвергеттің (б.з.д. III ғ.) әйелі Береникадан (Вероника) алған. Ол өзінің әдемі шаштарын қиып, оны күйеуінің Селевкидтер мемлекетін жеңгені үшін құдайға алғыс ретінде Афродита ғибадатханасына қалдырған. Келесі күні абыз-астроном Конон патша жұбайына құрбандығының қабыл болғанын және жаңа жұлдыздарды көргенін айтады.

Алайда Вероника шашы астеризм деп есептеле берді. Эратосфен оларға «Ариаднаның шашы» және «Верониканың шашы» атауларын қолданған. Альмагестте Птоломей оларды Арыстан шоқжұлдызымен «Бұрым» деген атпен байланыстырады.

Картограф Меркатор жасаған 1551 жылғы аспан глобусындағы шоқжұлдыздар. Вероника шашы шоқжұлдызы жоғарғы сол жақ бұрышта

Каспар Вопеллий Арыстан шоқжұлдызындағы бұл ежелгі астеризмнің жұлдыздар тобын алғаш рет 1536 жылы Вероника шашын жаңа шоқжұлдыз ретінде көрсетті[1]. Біртіндеп XVI ғасырдың басынан бастап астрономиялық карталарда Вероника шашының бейнесі сол атпен немесе басқа атпен жүйелі түрде пайда бола бастайды. Бірақ тек 1602 жылы бұл шоқжұлдыз ресми түрде Тихо Браге каталогына енгізілді.

Аспаннан іздеу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көру үшін ең қолайлы уақыт наурыз-сәуір айларында. Шоқжұлдыз көктемгі үшбұрыштың екі жарық жұлдыздары α Сиыршы (Арктур) және β Арыстан (Денебола) арасында орналасқан.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ridpath, Ian Coma Berenices. Star Tales. Тексерілді, 11 сәуір 2012.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]