Неокантшылдық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
16:37, 2017 ж. қазанның 5 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (-Санат:Ағым; -Санат:Ғылым; -Санат:Әлеуметтану; -Санат:Саясаттану; +Санат:Неокантшылдық (HotCat құралының көмегімен))
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

НеокантшылдықXIX ғасырдың 2-жартысында Германияда пайда болған ағым.

Кейіннен Франция, Италия, Ресейге кеңінен таралып, бірнеше бағыттары белгілі болды. Мысалы,

  1. Кант идеализмін дінмен сабақтастырған “метафизикалық” Неокантшылдық (Либман, Фолькелть);
  2. Канттың таным теориясын сезім органдарының физиологиясымен байланыстырған физиолог Неокантшылдық (Ланге, Гельмгольц, т.б.);
  3. транцендетальды-логик. Неокантшылдық (Маргбург мектебі),
  4. транцендетальды-психологиялық неокантшылдық (Баден мектебі).

Неғұрлым кеңірек тараған кейінгі екі бағыт маргбургшілдер (басты өкілдері – Коген, Наторп, Кассирер) ғылыми ұғымдар мен философиялық категорияларды объективті мағынасы жоқ, тек қана логикалық конструкция деп қарастырып, “этикалық социализм” ілімінің негізін қалады. Баденшілдер (Виндельба, Риккерт) болса жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдардың өзара ерекшеліктерін ашып, рухани құндылықтардың маңызына ден қойды.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
  2. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім