Әділет министрлігі

Әділет министрлігі — белгіленген қызмет саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу, іске асыру және нормативтік - құқықтық реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы билік органы, оның ішінде:

  • қылмыстық жазаларды орындау саласында;
  • халықаралық ұйымдардың және шетелдік коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың бөлімшелерін қоса алғанда, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу, қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар мен діни ұйымдар, адвокатура, нотариат, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы;
  • соттар қызметінің және сот актілері мен басқа да органдардың актілерін орындаудың белгіленген тәртібін қамтамасыз ету;
  • халықаралық ұйымдар мен шетелдік коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың бөлімшелерін, қоғамдық бірлестіктерді, cаяси партиялар мен діни ұйымдарды қоса алғанда, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы, адвокатура, нотариат, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы бөлімшелерді, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау, қадағалау мен құқық қолдану жөніндегі функциялары
АҚШ Әділет министрлігі
Литваның Әділет министрлігі
Германия Әділет министрлігі
Португалия Әділет министрлігі

Функциялары

өңдеу

Әділет министрлігінің функцияларына жиі жатады:

  • Заң жобаларының конституцияға және елдің басқа да заңдарына сәйкестігін тексеру;
  • Нормативтік құқықтық актілерді заңдық бағалау және түсіндіру;
  • Қоғамдық ұйымдарды, партияларды, одақтарды және т. б. тіркеу және жария ету;
  • Нотариат қызметін бақылау;
  • Сот қызметін бақылау;
  • Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Функциялар мен өкілеттіктер тізбесі нақты елге байланысты.

Қазақстан, КСРО

өңдеу

Сілтемелер

өңдеу