Сәлімжан Хамзаұлы Санбаев

Сәлімжан Хамзаұлы Санбаев (16.09.1939 ж. т. Атырау облысы, Мақат к.) -жазушы, драматург, киноактер. Шығармаларын орыс тілінде жазады. Орынбор ауыл шаруашылығы институтынтын бітірген (1961). 1961— 62 ж. Атырау обл. Энгельс атындағы кеңшарында бас инженер, 1966-68 ж. «Қазақфильм» киностудиясында, 1968—71 ж. «Жазушы» баспасында бөлім меңгерушісі, 1974—76 ж. Павлодар трактор зауытында инженер-конструктор. 1983-86 ж. Балқаш кен-металлургия комбинатында инженер.

Сәлімжан Хамзаұлы Санбаев
Туған күні

1939 жыл, 16 қыркүйек

Туған жері

Атырау облысы, Мақат к.

Азаматтығы

қазақстан

Ұлты

қазақ

Мансабы

жазушы, драматург, және киноактер

Шығармалардың тілі

орыс тілі

Марапаттары

ВЦСПС, КСРО Жазушылар одағы сыйлықгарының лауреаты

1989 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының Аударма және әдеби байланыс жөніндегі бас редакция коллегиясы төрағасының орынбасары қызметінде болды. «Ақаруана» (1969) атты тұңғыш жинағы, «Жол жалғыз ғана» (1970), «Көп ажал» (1974), «Шөлейт даладағы кұдықтар» (1976), «Аңыз аңсағанда» (1989), «Біздің өміріміздің жыл маусымдары» (1981), «Кеніш» («Кариф»), «Алаңқай» («Площадка») атты повестері мен романдары бар. Бұларда қазақ даласындағы Кеңес өкіметінің орнауы, еңбекші халықтың өзгерген өмірі, жаңаның салтанат кұруы суреттелген. «Ұшы қиырсыз жол», «Той боларда», «Шоқан Уәлиханов», «Батыр Баян» көркем фильмдеріне түскен. «Бір құты мұнай» драмасының, «Ақшаңқан таулар» атты көркем фильмнің сценарийін жазды. Абай Құнанбаевтың қарасөздерін, М. Әуезовтің, С. Бегалиннің, Ә. Сәрсенбаевтың повесть, әңгімелерін орыс тіліне аударған. ВЦСПС, КСРО Жазушылар одағы сыйлықгарының лауреаты.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9