Оралдық мия (лат. Glycyrrhiza uralensis) - бұршақ тұқымдасы, мия туысына жататын көп жылдық шөп тектес өсімдік.

Оралдық мия

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Қос жарнақтылар
Тұқымдасы: Бұршақ тұқымдасы
Тегі: Мия (Glycyrrhiza)
Түрі: Оралдық мия
Екі-есімді атауы
Glycyrrhiza uralensis

Ботаникалық сипаты

өңдеу
  • Тамыры қуатты, терең орналасқан. Тамырының ішкі жағы ақ түсті. Одан көптеген қосымша тамырлар тарайды. Қосымша тамырлары 1-2 м қашықтыққа дейін көлбеу өседі, сөйтіп олардан тағы да жаңа сабақтар өсіп шығады.
  • Өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі биіктігі 60 см-ге жететін бірнеше сабақтан тұрады.
  • Жапырақтары кезектесе орналасқан, қауырсынға ұқсас. Бұтағының ең ұшында жалғыз жапырағы болады. Жапырақтарының екі жағында да түкті бездері бар.
  • Гүлдері көкшіл түсті, жапырақтарының қуысында шоғырланып тұрады.
  • Жемісі - орақ сияқты иілген, бунақталған қауыз. Шілде-тамыз айларында гүлдейді.

Өсетін жері

өңдеу

Қазақстанда далалы және шөлді аймақтарда, өзен жағасында, арамшөп ретінде егіс арасында өседі.

Құрамы

өңдеу

Құрамында глюкоза, пектиндер, флавоноидтар, глицирризин бар. Зерттеулер глицирризиннің ағзадағы тұз және су алмасуын реттейтінін көрсетті. Бұл ғасырлар бойы Шығыс Азия халықтарының мияны дәрілік өсімідік ретінде бекер пайдаланбағанын көрсетеді.

Емдік қасиеті және қолданысы

өңдеу

Бұл өсімдіктің қан тамырларын нығайтып, кеңейтетін, қабынуға қарсы әсер ететін, іш жүргізетін, қақырық түсіретін, несеп айдайтын қасиеттері бар. Қызылмиямен өкпе ауруларын, туберкулезді, асқазанда және ұлтабарда пайда болған жараларды емдейді. Ол есекжем, псориаз, волчанка сияқты тері ауруларына да шипа. Мия геморройға да қарсы қолданылады. Өсімдіктен жасалған дәрілерді дәрігердің бақылауынсыз ұзақ уақыт қабылдауға болмайды, себебі ағзадағы су мен тұз алмасуының бұзылуына байланысты денеде ісік пайда болуы мүмкін.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.