Нанкин
Нанкин (қыт. 南京, пінин: Nánjīng, палл.: Наньцзин – оңтүстік астанасы) — шығыс қытайдағы қала, Цзянсу провинциясы орталығы, халқы 2 388 915 адамнан құралады (1999). Янцзы өзенінің оң жағалауында Шанхайдан солтүстік-батысқа қарай орналасқан. Бұл жер мыңдаған жылдар бойы адам мекендеген орын болған. Қазіргі қаланың негізін астана салу үшін 1368 жылы Мин әулеті қалаған. 1842 жылы Опиум соғысы кезінде ағылшындар жаулап алды. 1853-64 жылдары Тайпин көтерілісі кезінде қатты қирады. 1899 жылы Нанкин ашық айлаққа айналды. 1928 жылдан бастап 1937 жылға дейін Гоминьдан партиясының астанасы болды. Одан кейін жапондықтар жаулап алды. 1937-45 жылдардағы қытай-жапон соғысында Нанкин қырғынның орны болды. 1944 жылы коммунистік әскерлер иеленді. 1952 жылы провинцияның әкімшілік орналығы болды. қазір бұл айлақ университеттері мен колледждері бар ірі өндірістік, транспорттық орталық болып саналады. Оның маңында көз тартарлық Сунь Ятсен мен император Мин кесенесі бар.
Нанжиң | |
南京 | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Провинция | |
Мэр |
Цзи Цзянье |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
32°03′00″ с. е. 118°46′00″ ш. б. / 32.05000° с. е. 118.76667° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 32°03′00″ с. е. 118°46′00″ ш. б. / 32.05000° с. е. 118.76667° ш. б. (G) (O) (Я) |
Жер аумағы |
6 598 км² |
Орталығының биiктігі |
15 м |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
8 004 680 адам (2010) |
Тығыздығы |
1 214 адам/км² |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
25 |
Пошта индексі |
210000 - 211300 |
Автомобиль коды |
苏A |
nanjing.gov.cn (қыт.) | |
Нанжиң шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Нанжиң |