Мүніс Хорезми

Мүніс Хорезми, Мунис Мираб Шир Мұхаммед (1778 – 1829) – тарихшы, ақын, мемлекет қайраткері. Хорезм хандығында сарай қызметінде болған. Шағатай тілінде жазылған тарихи еңбегі – “Фирдаус ал-икбал” (“Бақыт жұмағы”) деп аталады. Еңбек 18 ғасырдың аяғынан бастап жазылып, 1813 ж. Мүніс Хорезмидің ауруына байланысты аяқталмай қалған. Еңбекте Адам Атадан бастап автор өзі өмір сүрген уақытқа дейінгі Орта Азия тарихы баяндалады. Бұл шығарманы 1825 жылға дейінгі оқиғаларды қоса отырып немере інісі Агахи аяқтаған. Еңбектің көп бөлігі Әбілғазыдан көшіріліп, өңделген. “Фирдаус ал-икбалда” Хиуадағы әскери, саяси, экономикалық және халықаралық жағдайлар баяндалғандықтан, 18 – 19 ғасырлардағы қазақ тарихы үшін алар орны ерекше. Тарихи шығармадан басқа Мүніс Хорезми поэзиялық “Мунис ал-Уштем” еңбегін жазды. Мүніс Хорезми еңбектерін зерттеуші А.Л. Кул 1873 ж. еңбекті тауып, ол жайлы бірнеше мақалалар, зерттеулер жазды және ғылыми айналымға енгізді. [1][2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. "Қазақ энцклопедиясы - VI"
  2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2