Мёрт және Мозель
Мёрт және Мозель (фр. Meurthe-et-Moselle) — Францияның солтүстік-шығысындағы департамент, Лотарингия аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 54. Әкімшілік орталығы — Нанси. Халық саны 713,8 мың адам (департаменттер арасында 28-ші орын, 1999 ж.).
Географиясы
өңдеуЖер аумағы 5246 км². Департамент арқылы Мёрт, Мозель, Шьер және Везуз өзендері ағып өтеді.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
өңдеуДепартамент 4 округ, 44 кантон және 594 коммунаны қосады.
Тарихы
өңдеуМёрт және Мозель 1871 ж. франко-прус соғысынан кейін құрылды. Оның аумағына бұрынғы Мёрт және Мозель департаменттерінің жерлері кірді (1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің екеуі).
Тағы қараңыз
өңдеуСілтемелер
өңдеу- Prefecture website (in French)
- Conseil Général website Мұрағатталған 18 ақпанның 2003 жылы. (in French)
- http://www.cdt-meurthe-et-moselle.fr/ Мұрағатталған 14 қазанның 1999 жылы.
Бұл — Франция географиясы туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |