Лазерлік принтер

Лазерлік принтеркеңседе кеңінен қолданылатын принтер түрі.

1993 Apple LaserWriter Pro 630

Лазерлік принтерлер ксерография принціпін қолданатын құралдарға жатады, бұларды әріп бейнелері электірлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 2400 нүктеге дейін салу мүмкіндігі бар, сол себепті таңбалар сапасы жоғары болады. Сонымен, лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады, және жылдамдықтары да жоғары-орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 3-15 секундта) басып бере алады. Бірақ лазерлік принтердің бағасы кішігірім Дербес электрондық есептеуіш машинаның бағасымен бірдей.

Бұл технологияны өндіруді 1969 жылдан бастап Xerox компаниясы қолға алды. 1972 жылы Гэри Старкуэзер әріптестерімен бірге алғашқы прототиптік құрылғыны ұсынады. Бірнеше жылдан кейін бұл Xerox 9700 деген атаумен нарыққа шығады.[1]

Дереккөздер

өңдеу

Тағы қараңыз

өңдеу