Көрікті островския

Көрікті островския - Монотипті Орта Азиялық туыс өкілі. ОҚО-да кездеседі. Орта Азиядағы әдемі өсімдіктердің бірі. Олигоценнен сақталып келген (30 млн.жыл) ескі түр. Ол кезде ірі жапырақты ормандар кең тараған. Биіктігі 1,5 м, гүлдері ірі, (ұзындығы 10 см, диаметрі 12 см). Олар шашыраңқы пирамидалы гүлшоғырының ұзын гүлтабанына орналасады. Островския маусымда гүлдейді, шілдеде жеміс береді. Жемістері ірі болады. Тұқымы қысыңқы, сопақ, жіңішке қанаттарымен. Островския тек тұқымымен ғана көбейеді. Алғашқы рет тұқымы себілгеннен кейін 10 жылда гүлдейді, түр толығымен қорғауды қажет етеді. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Көптеген шетелдік ботаникалық бақтарда декоративті өсімдік ретінде өсіріледі. Қазақстанда Алматы ботаника бағында байқаудан өткізілген. [1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.