Қазақтар күз айында - қазан, қараша айларында күздік сояды. Яғни күзгі суықта соғымға дейін көбінесе,ұсақ мал сойып алады. Бұған тай, жабағы, тайынша, қашар, қой сияқты мал да жарай береді. Бұл ет күзгі суықта талғажау ететін сорпа-су деген сөз. Күздің жауынды, қарлы суығында далада, малда жүрген адамдарға қазақтар әрқашан қуаты мол ет тағамдарын берген. Және басқа халықтардан гөрі қазақтар етті көп жейді, соған үйреген. Сондықтан ел күз бен қыста құрткөже, ет, сорпа тағамдарын көп пайдаланады.

Дереккөз

өңдеу

[1]

  1. Қазақтың дархан дастарқаны - Алматы "Алматыкітап" ЖШС - 2005 ISBN 9665-24-559-2