Жаһандық жылыну

Толық мақаласы: w:Climate change

Жаһандық жылынужердің бетіндегі орташа температураның артуы. Соңғы жүз жылда температурасы шамамен 1 ºС-қа артты. Ауаны ластау, өнеркәсіп санының артуы, ормандарды кесу, адамның әр түрлі әрекеттері жаһандық жылынудың басты себептері болып тұр. Парниктік газдардың басты алты түрі бар, олар: су буы, көмірқышқыл газы, метан, азот тотығы, озон және хлорфторкөмірсутектер. Ғаламшардағы орташа температура 1980 жылдардан бастап әрбір онжылдықта көтеріліп келеді. Ғалымдар ауа температурасы 2 градусқа көтерілсе, бұл апатты зардаптарға әкеледі деп есептейді: ауыл шаруашылығында проблемалар, кейбір жануарлар түрлерінің жойылуы және экожүйенің бұзылуы. Ауа-райы оқиғалары бүкіл әлемде тұрақсыз болып, адамдардың өміріне әсер етуде. Кейбір аймақтарда жаңбыр аз, басқаларында көбірек, ал басқаларында бірдей мөлшерде жауады деп болжануда, бірақ ол ауыр және қысқа мерзімді болады. Бұл өзгерістер құрғақшылық пен су тасқынына әкеледі.

Жаһандық жылынулардың әсерлері

өңдеу

Жаһандық жылынудың басты әсерлері мыналар: климаттың өзгеруі, жылу толқындарының жиі болуы, теңіз деңгейінің көтерілуі, мұздықтардың еруі, тасқындар, құрғақшылықтар мен дақылдардың шықпай қалуы секілді табиғи зардаптар.

Мұз қабаттарының еруі

өңдеу

Жаһандық жылынудың нәтижесінде мұз қабаттары еруде. Мұз қабаттары дегеніміз — жердің қар мен мұз қаптап жатқан бөліктері. Мұздықтар мұзының қалыңдығы 1000 м-ден жоғары, аумағы 51 800 км² болады. Мұз қабаттарының еруі нәтижесінде теңіз деңгейлері артуда. Арктикалық теңіздердің мұздықтары да жаһандық жылынудың әсерінен төмен тұсуде. Төмен түсудің қазіргі деңгейі әр онжылдықта 8%-ға тең болып тұр. Бұл 2060 жылға қарай жер бетінде Арктикалық теңіздердің жойылатынын білдіреді.

Климаттың өзгеруін зерттейтін БҰҰ-ның мемлекетаралық эксперттер тобының пайымдауынша (және Үлкен Сегіздік елдерінің ұлттық академияларының келісімімен) XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап жердің орташа температурасы 1 °C көтерілді және соңғы 50 жылдағы жылыну процесінің адамзаттың кесірінен орын алған, бірінші кезекте газдардың атмосфераға шығарылуынан туындаған көмірқышқыл газы (CO2) мен метанның (CH4) «көшетхана эффектісі» (Greenhouse effect).

IPCC ұйымының климаттық модельдерге байланысты алынған мәліметтері бойынша: XXI ғасырда Жер бетінің орташа температурасы 1°C-тан 5°C-қа көтеріледі-мыс.

Дүниежүзілік мұхит деңгейінің өсуімен қатар жаһандық температураның да өсуі атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің өзгеруіне алып келеді. Нәтижесінде табиғи катаклизмдер жиілеуі мүмкін, мысалы: су тасқындары, қуаңшылықтар, дауылдар және басқалары, жапа шеккен аймақтарда ауылшаруашылық өнімдерінің мөлшері төмендейді және басқа аймақтарда жоғарлайды (көмірқышқыл газы концентрациясының көтерілу есебінен). Жылыну процесі — мұндай құбылыстардың масштабы мен жиілігін жоғарлатуы ықтимал.

Климаттың жылынуынан келесі қауіп туындауы мүмкін: кейбір жануар немесе өсімдік түрлерінің таралу аймағының полярлық зоналарға ығысуы; жаға зоналары мен аралдарда мекендейтін саны аз түрлердің жойылуы.[1]

Тағы қараңыз

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу