Го Можо – қытай жазушысы, ақын, тарихшы, археолог және мемлекет қайраткері, ҚХР ғылым академиясының тұңғыш президенті (1949-1978), Халықаралық Сталин сыйлығының лауреаты. 1892 жылы Сычуань провинциясының Лэшань уезінде туған. Го Можоның ата тегі кедей хаккалар болған. 17 ғасырда Сычуаньға көшіп келгеннен кейін байып кеткен. Ол 4 мамыр қозғалысының белсенді қатысушысы болған. Жалпыға түсінікті қазіргі қытай тілінің әдебиетке енуіне үлес қосқан. 1923 жылы Жапонияда Кюсю университетінің медицина факультетін тәмамдаған. Болгар ғылым академиясының шетелдік мүшесі.1978 жылы 12 маусымда Бейжіңде қайтыс болған.

Дереккөздер

өңдеу