Виктор Фёдорович Янукович

украиндық экс-саясаткер және елдің 4-ші президенті

Віктор Фёдорович Янукович (укр. Віктор Федорович Янукович; 9 шілде 1950, Енакиево, Сталин облысы, Украин КСР) — Украинаның саяси және мемлекет қайраткері, 2010 жылдың 25 ақпан айынан бастап 2014 жылдың 22 ақпанына дейін Украинаның 4-ші Президенті және 2000-шы жж. 9-шы және 12-шы Премьер-Министрі.

Виктор Фёдорович Янукович
укр. Віктор Федорович Янукович
Виктор Фёдорович Янукович
Лауазымы
Ту
Ту
Украинаның 4-ші Президенті
Ту
Ту
25 ақпан 2010 жыл — 22 ақпан 2014 жыл
Ізашары Віктор Андрійович Ющенко
Ізбасары Олександр Валентинович Турчинов (өтпелі)

Петро Олексійович Порошенко

Ту
Ту
Украинаның VI шақыруындағы халық депутаты
23 қараша 2007 жыл — 19 ақпан 2010 жыл
Президент Віктор Андрійович Ющенко
Ту
Ту
Украина Премьер-министрі
4 тамыз 2006 жыл — 23 қараша 2007 жыл
(а. л. 18 желтоқсан 2007 жылға дейін)
Президент Віктор Андрійович Ющенко
Ізашары Юрій Іванович Єхануров
Ізбасары Юлія Володимирівна Тимошенко
21 қараша 2002 жыл — 5 қаңтар 2005 жыл[1]
Президент Леонід Данилович Кучма
Ізашары Анатолій Кирилович Кінах
Ізбасары Микола Янович Азаров
Ту
Ту
Украинаның V шақыруындағы халық депутаты
25 мамыр 2006 жыл — 12 қыркүйек 2006 жыл
Президент Віктор Андрійович Ющенко
Ту
Ту
Донецк облысының 3-ші губернаторы
14 мамыр 1997 жыл — 21 қараша 2002 жыл
Президент Леонід Данилович Кучма
Ізашары Сергій Васильович Поляков
Ізбасары Анатолій Михайлович Близнюк
Өмірбаяны
Партиясы 1) КОКП (1979/1980[2]—1991)
2) Аймақтар партиясы (2000—2014)
Білімі Донецк политехникалық институты[3]
Мамандығы инженер-механик
Діні Православие
Дүниеге келуі 9 шілде 1950 (1950-07-09) (74 жас)
Енакиево, Донецк облысы, УКСР
Әкесі Федір Володимирович Янукович
Анасы Ольга Семенівна Янукович (Леонова)
Жұбайы Людмила Олександрівна Янукович
Балалары ұлдары − Олександр және Віктор
Ғылыми қызметі
Ғылыми аясы экономика ғылымының докторы[4]
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
Виктор Фёдорович Янукович Ортаққорда

Паравоз машинисті мен медбикенің ұлы Виктор Янукович жұмысшы поселкісінде дүниеге келген. 30 жасында жоғарғы оқу орнын тәмәмдап, 47 жасында Донецк облысының губернаторы болды. 2002—2005 жылдар және 2006—2007 жылдар Украина премьер-министрі, ал 2010 жылдың ақпанында президент болып сайланды («Аймақтар партиясының» серкесі Виктор Янукович басты қарсыласынан 3,5 пайыз айырмашылықпен жеңіске жетті. Сайлаудың екінші кезеңінде оны сайлаушылардың 49 пайызға жуығы қолдаса, 45 пайыздан астамы Юлія Тимошенконы жақтап, дауыс берген)[5]. 2014 жылғы Украинадағы саяси кризиске орай саясаттан кетуге мәжбүр болады, өтпелі ізашары Олександр Турчинов болды.

2002—2005 және 2006—2007 жылдарда — Украина Премьер-министрі.

Ертерек жылдары

өңдеу

1950 жылы 9 шілдеде Донецк облысы, Енакиев маңайындағы Жуков[6] ауылында дүниеге келді.[7][8]

Әкесі Фёдор Володимирович Янукович (1923—1991) Витебск облысы, Докшицк ауданы, Януки ауылынан шықты, паравоз жүргізушісі болды.[9] Янукович айтуы бойынша әкесі Донбасстан, орыс әйеліне үйленген. Атасы — Володимир Ярославович Янукович. Віктор айтуы бойынша

Анасы – орыс қызы Ольга Семенова Леонова (1925 — 2 тамыз 1952), медбибі, «Юнком» медсанбөлімінде жұмыс істеді. Віктор 2 жасқа толғанда қайтыс болды. Нағашы атасы, Семён Иванович Леонов, дүниелі шаруа болған. Раскулачивание саясатынан қашып, Донбасс жеріне көшті. Янукович айтуы бойынша "балалық шағы өте қиын және аш болды. Анамсыз өсті. Көшеде жалаңаяқ жүріп, күнделікті өз өмірім үшін күресті".[10]

Янукович ата-тегі орыс, поляк[11][12] және беларус.

«Янукович» тегі татар ата-тегінен шығуы мүмкін. Януковичтің өзі «Выборча» газетіне берген сұхбатында оның атасы мен арғы бабалары литвалық поляктар екенін айтқан болтын.[13]

Білімі

өңдеу

Пивновка ауданындағы Енакиево қаласының №34 мектебін аяқтады, алайда жақсы оқығанымен үздік бағаға тәмамдамады. 1973 жылы Енакиев тау-кен техникумын аяқтады. 1980 жылдары Донецк политехникалық институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша аяқтады. 2001 жылы Украин ішкі сауда академиясының халықаралық құқық факультетінің "халықаралық құқық" мамандығын аяқтады.

Еңбек жолы

өңдеу

1969 жыл - Енакиев металлургия зауытының жұмысшысы. 2 жыл бойы Донецк облыстық автомобиль транспортының аймақтық бірлестігі ПО «Донбасстрансремонт», ПО «Углепромтранс» бас директоры болып жұмыс істеді.

1989-1991 жылдарда екі рет еңбек ұжымының қолдауымен балама негізде басқарушы қызметке сайланған болатын.

1996 жылы тамыз айында Янукович Донецк мемлекеттік әкімшілігініңтөрағасының орынбасары, ал қыркүйек айында төрағаның бірінші орынбасары болып бекітілді.

1997 жылдың 14 мамырынан бастап 2002 жылдың қарашасына дейін Донецк облыстық мемлекеттік әкімшілігінің төрағасы және Донецк облыстық кеңесінің депутты.

1999 жылдың мамыр айы мен 2001 жылдың мамыры аралығында Донецк облыстық кеңесінің төрағасы қызметін қосымша етіп атқарды.

2000 жылдың 12 желтоқсанынан 2004 жылдың 1 ақпаны аралығында - Дон МУУ инновациялық менджменті Кафедрасынаң меңгерушісі. Донецк облыстық кеңесінің ІІІ шақырылымының депутаты.

2002 жылдың 21 қарашасында В.Ф. Янукович Украинаның премьер-министрі қызметіне бекітілді.

2003 жылдың 20 сәуірінде аймақтық Партия төрағасы болып сайланды.

Президенттігіне дейінгі саяси қызметі (1996–2010)

өңдеу

Саяси мансабының бас кезеңі

өңдеу

1980 жылы Виктор Янукович СОКП мүшесі.

Донецк облысының басшылығында

өңдеу

1996 жылдың тамыз айында Віктор Януковичтің саяси қызметі Донецк облысының Вице-Басшысы лауазымына тағайындалғанда басталды. 1997 жылдың 14 мамырында Президенттің № 435/97 Жарлығымен Виктор Янукович Донецк облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысы болып бекітілді.

Украина Премьер-министрі (2002-2004)

өңдеу

Анатолій Кінахтың қызметтен кетуінен кейін Президент Леонід Кучма Януковичты Премьер-министр қылып тағайындады. Жоғарғы Радада Виктор 234 дауыс жинап, премьер-министрлігін 2002 жылы 21 қараша күні бастады.[14] Сыртқы істеріне қарасақ, Януковичтың кабинеті Ресейге жақынырақ болғандығымен, Украинаның ЕО құрамында болғанын да қолдаған. НАТО құрамына кіруге қарсы болғанымен, Янукович кабинеті АҚШ-тың Терроризмға қарсы соғысын қолдап, Ирак соғысына украин әскерилерін жібере берген.

2004 жылғы Президенттік сайлауы

өңдеу
 
Донецктегі Виктор Янукович жақтастарының жиылысы, 2004

2004 жылы премьер-министр Виктор Янукович Аймақтар партиясы атынан ұсынылған Украинадағы даулы президент сайлауының негізгі үміткерлерінің бірі болды. Оның қолдаушылары көбінесе Ресеймен жақсы қарым-қатынастарды қолдайтын, Украинаның оңтүстік және шығыс аймақтарынан болатын.

Сайлаудың бірінші раундында ол 39.3 пайыз жинап, 39.8 жинаған оппозиционер Віктор Андрійович Ющенкоге жеңілді. Еш үміткер 50 пайыздан көп жинай алмағандықтан сайлаудың екінші раунды ұйымдастырылды.

Екінші раунд біткенде Янукович жеңімпаз болып аталады. Алайда сайлау нәтижелерінің легитимділігі көптеген украиндар күмәндады және шетел мемлекеттері бұл сайлауды жалған деп айыптады. Осының әсерінен болған жаппай тәртіпсіздіктер Қызғылт сары Революцияға әкеп соқты. Украина Жоғарғы сотымен сайлаудың қайта өткізілуі шешілді және осы жолы Янукович 44.2 пайыз дауыс ғана жинап, Ющенкоға жеңіледі.

Сайлаудың аяқталуынан кейін Украина Парламенті Януковичқа қарсы вотум өткізді де, Янукович қызметтен босатылу керек екендігі шешілді. Өзінің жеңілісіен кейін бес күн өткен соң Янукович қызметінен кетуін жариялады. 2009 жылдың қараша айында Янукович тәртіпсіздікке жол бермеу үшін сайлауда берілгенін айтты. "Мен балаларын жоғалтқан аналарды, күйеулерін жоғалтқан әйелдерді көргім келген жоқ. Мен өлі денелердің Киевтен Днепр арқылы аққанын көргім келген жоқ. Мен зорлық-зомбылық арқылы билікке келгім келген жоқ."[15]

Қызғылт Сары Революциядан кейін

өңдеу
 
Януковичтың Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуі, Киев, 2006

Янукович жеңілісінен кейін Юлія Тимошенконың блокына қарсы оппозицияны құрды. Тимошенко блокының құрамына Тимошенко үкіметі, Олександр Мороз басқарған Социалистік партия мен Ющенконың Біздің Украина партиялары кіреді.

2005 жылы Янукович басқарған "Аймақтар партиясы" Ресейдің "Біртұтас Ресей" партиясымен ынтымақтастық келісімін жасады. 2008 жылы Янукович Біртұтас Ресейдің конгрессінде сөз сөйледі.[16]

2006-2007 сайлауы және екінші премьер-министрлігі (2006-2007)

өңдеу

2006 жылы сайлау алдында Украина Ішкі істер министрі Януковичтің жас кезінде болған қылмыстық айыптауларымен байланысты тергеу өткізді. Министрлігінің басшысы Юрій Віталійович Луценко Януковичті ақтау мүмкін болмады деп жариялады да, оның Украинаның парламенттік сайлауында қатысуға рұқсат берді. Аймақтық Партия басым дауыс жинады. Янукович тізім бойынша аймақтық Партия халықтық депутаты болып сол фракцияны Жоғарғы радада басқарды.

Сол жылы Янукович құжаттардың бұрмалауымен айыпталып, оған қарсы қылмыстық айыптау ұйымдастырылды. Ресей Газетасының (орыс. Российская газета) жазғаны бойынша Янукович тонау мен зорлық жайлы құжаттардың бұрмалануымен айыпталды.

Президенттілігі (2010–2014)

өңдеу
 
Дніпропетровьсктағы Віктор Янукович қолдаушылары

2010 жылғы Президенттік сайлау кампаниясы

өңдеу

2009 жылы Янукович өзінің Президенттік сайлауда қатысатынын жариялады. Оны Аймақтар партиясы мен Украина Жастар партиясы қолдады. Украина Ішкі істер министрі Луценко Викторды кампания барысында болған финанстық алаяқтықпен айыптады. Янукович кампаниясының бюджеты шамамен $100-$150 миллион болды деп саналады.

Сайлаудың соңында Украина Орталық Сайлау Коммисиясы Януковичтың 48.95% дауыс жинап, оның қарсыласы Юлія Тимошенко 45.47% жинағанын жариялады. Сайлауды бақылаған ЕҚЫҰ оның легитимділігін растады.

Ұлықтау рәсімі

өңдеу

Ұлықтау рәсіміне Патриарх Кирилл, ЕуроОдақтың Халықаралық іс және Қауіпсіздік саясатының Жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон, АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жайлы кеңесшісі Джеймс Джонс және Ресей Мемлекеттік Дума Төрағасы Борис Грызлов қатысты. Алайда Якуновичтың үлықтау рәсіміне оның ізашары Ющенко мен оның премьері Юлія Тимошенко қатыспаған.

Бірінші күндері

өңдеу

Украина ата заңы бойынша Президент партия басшысы бола алмайды, сондықтан ол "Аймақтар партиясы"ның басшылығын Микола Азаровқа берді.

Сыртқы саясаты

өңдеу
 
Янукович пен Польша Президенті Бронислав Коморовский, 3 ақпан 2011

Янукович "Украинаның ЕуроОдақпен бірлесуі — біздің стратегиялық мақсатымыз" деген. Тағы ол ЕуроОдақ пен Ресей арасындағы тең қатынастарды құруды мақсат қылды. Януковичтің саясаты шығыс пен батыс арасындағы нейтралдылықты сақтаумен байланысты болған. Ол Украинаның НАТО-ға да, ҰҚШҰ-ға да кірмейтінін мәлімдеген.

2010 жылғы Президенттік сайлау кампаниясында Украинаның қазіргі НАТО-мен қатынасының жеткілікті екенінің түсіндірді, елдің ұйымға кіруі міндетті емес қылып санады. "Украин халқы ешқандай да әскери блоктың құрамында болғысы келмейді. Сондықтан да біз де осы пікірдеміз". Украина мен НАТО-ның қарым-қатынасын ол серіктестік деп сипаттаған, "Украина осыны қажет етеді, өйткені ол ірі мемлекет".

Жалпы президенттілігі

өңдеу

Президенттілікке үміткер болған кездің өзінде де Янукович өзінің алдына қойған басты мақсатын "Украинадағы Қоғамдық өмірдің толық модернизациясын" атаған. Виктор Януковичтің Украина президенті ретіндегі бірінші жарлығы жұмыс күшін және президент хатшылығына кететін шығынды 20%-ға қысқарту болды. Сол жарлықпен ол президенттік хатшылыққа бұрынғы атауын – Украина президентінің әкімшілігіне қайта ауыстырды.

Кеңес үкіметіне қарсы диссиденті, орыс публицисты және саясаткері және партиясының төрайымы Валерия Новодворская:[17]

  Сіздің еліңіз асықпай тәуелсіздігінен айырылып жатыр, ол Мәскеуге жақындап жатыр. Янукович — сатқын және коллаборационист. Ол бөлікбөлікпен Украинаны Ресейге беріп жатыр... Ол жай ғана білімсіздік емес, ол оның жеке сенімі де емес. Ол Мәскеумен таңдалды, өйткені Кеңестік Украинаны ол ғана қайта құра алады.  

Кейбір украиндар мен шетелдіктер Януковичты авторитарлы билеуші деп те атаған. Оның Ресеймен байланысы жиі кінәратталады.

Отбасы

өңдеу

Виктор Янукович үйленген, зайыбы Людмила Александровна Янукович (1949) — үй қызметінде. Олардың екі ұлы бар: Олександр (1973) — бизнесмен, мамандығы бойынша дәрігер-стоматолог. Віктор (1981—2015) — Украина халық депутаты, Украина аймақтық Партия фракциясының мүшесі.[7]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Указ Президента України № 9/2005 від 5 січня 2005 року «Про відставку Кабінету Міністрів України» (укр.)
  2. Смотри лентапедию
  3. На Украине началась кампания перед 2-м туром голосования. ИТАР-ТАСС (26 қаңтар 2010). Тексерілді, 1 ақпан 2010. ]
  4. Виктор Янукович
  5. Виктор Янукович - Украинаның жаңа президенті(қолжетпейтін сілтеме) Виктор Янукович - Украинаның жаңа президенті
  6. Биография Виктор Януковича. Наш Лидер. Виктор Янукович и его соратники — официально на сайте о людях Дела своего. Партия регионов Украины — профессионалы говорят делами, а не Мұрағатталған 28 шілденің 2013 жылы.
  7. a b Віктор Янукович — біографічна довідка // Правительственный портал Украины
  8. Офiцiйне представництво Президента України Мұрағатталған 24 қазанның 2015 жылы.
  9. Виктор Федорович Янукович / Viktor Yanukovich: Депутаты получили автобиографию Виктора Януковича
  10. https://www.telegraph.co.uk/expat/expatnews/6973451/Ukraines-Orange-villain-seeks-last-laugh.html (ағылшынша)
  11. http://wyborcza.pl/1,76842,9037863,Janukowycz_zmienia_konstytucje_Ukrainy__przedluza.html
  12. https://web.archive.org/web/20130127045644/http://www.polskinetwork.org/strona,duma,43,znani-polacy-wspolczesnie.html
  13. Новини NEWSru.ua :: Огляд преси 3 лютого: Янукович надолужує згаяне у відносинах з Польщею, яка цього року головує в ЄС
  14. https://lenta.ru/lib/14159876/full.htm
  15. http://www.interfax.com.ua/eng/main/26340/ Мұрағатталған 16 қарашаның 2012 жылы.
  16. http://www.kyivpost.com/news/nation/detail/31075/print/
  17. https://korrespondent.net/ukraine/politics/1221599-novodvorskaya-yanukovich-predatel-on-po-kusochku-otdaet-ukrainu-v-rossiyu?p=9&mode=DESC&field=t_stamp (орысша)

Сілтемелер

өңдеу