Вергенттік. Қатпарлы кұрылымдар өңдріндегі тау жынысы бірлестіктерінің сығылып-жанышталуы нәтижесінде жүзеге асатын жылжу бағыты.[1]

Вергентті айшықтайтын белгілер жиынтығы: иілімдер жазықтығының нақтылы бағытта еңкеюі, кейбір иілімдер жүйесіне тән төңкерілу бағдарының нақтылы бағытқа реттеле қатар түзуі, қаусырмалар мен тектоникалық бүркемелерді кұрайтын қабаттардың жылжу жазықтығы белгілі бір бағытта еңістене беруі т. с. с. Вергенттік ортадан тепкіш, ортаға тартқыш және бір бағытты болып үш түрге бөлінеді. Бірінші жағдайда вергенттік қатпарлы құрылымның орта тұсынан оның шеткі аймактарына карай бағышталатын болса (кұрылымды құрайтын иілімдер қимасыньщ жалпы пішіні кәдуілгі желпуішті еске түсіреді), екінші жағдай тауаралық ойыстар өңірінде жиі ұшырасады. Бір бағытты вергенттік те біршама жиі кездседі.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет.ISBN 5-615-01738-4