Аққұяш - Жетісу өңіріндегі көне қала атауы. М.Қашғаридың жазуына қарағанда, Іле алқабында 11 ғасырда болған. Академиг В.Бартольд Аққұяшты "Іле" деп жорамалдайды. Ал екінші бір зерттеуінде Сайдхан 6 ғасырдың 30-40 жылында қырғыздар мен қазақтар арасындағы қайшылықты пайдаланып, оларға соққы беру үшін Ақсу қаласынан Аққұяшқа келді десе, енді бірде Құяш — Шағатай ханның Іле алқабындағы жайлауы, ол Алмалы қаласына жақын, оның жанына хан Құтлық (Бақыт) қыстағын салғызды деп жазады. Құяш деген сөз түрікше "күн" деп түсіндіріледі. Қашғаридың жазбаларында да 11 ғасырда Іле алқабындағы Құяш деген қала туралы мөліметтер кездеседі. Саблығқұяш, Қарақұяш, Өрүңқұяш деген үш қамал болған. Олардың төңірегін түха, шігіл тайпалары мекендеген. Ал Мухаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" деген еңбегіндегі дерек бойынша Аққұяшта моғол ханы Есенбуға тұрған. Оны бұл жерден Султан Сайид Эли іздеп тапқандығы хабарланады.[1] Бұл қалада 1425 ж. моғол әскерлерінің соңына түскен Ұлықбек те болғандығы айтылады. Осы деректерге қарағанда Аққұяш Қарахан мемлекеті кезінен белгілі болған қаласы.[2][3]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
  2. Б а р т о л ь д В.В., Полн. собр. соч. т. 2, ч. 1, М., 1963г., 60,94 стр.
  3. Материалы по истории казахских ханств 15-18 в. А.-А., 1969, 194 стр.