Антипассаттар

Антипассаттар — ауаны экватордан субтропикке өткізетін пассаттық циркуляцияның жоғарғы тармағы. Антипассаттар Солтүстік жарты шарда негізінен оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа, Оңтүстік жарты шарда — солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа қарай бағытталады. Антипассат қабатының төменгі шекарасы 4 шақырымдай биіктікте орналасады, ол субтропиктен экваторға және қыстан жазға қарай жоғарылайды. Атлант мұхиты үстінде оның биіктігі 10°.с. е. жазда — 15 км, қыста 6 км шамасындай, 30° с. е. жазда — 5 км, ал қыста — 2 км.

Дереккөздер

өңдеу
  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.