Наси (халық)
Наси (на, нажу, мосе, мосо) – Қытайдың оңтүстік-батысындағы тибет-бирма халқы. Жалпы саны 309 мың адам. (2000, халық санағы), оның 95,5% Юньнан провинциясында.[1][2][3]
Наси | |
на, нажу, мосе, мосо | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
309 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Тілі
Олар қытай-тибет тілдері отбасының тибет-бирма тобына жататын наси тілінде сөйлейді. Дамыған пиктографиялық жазуы мен әдебиеті бар.[5]
Діні
Діні – ламаизм, шамандық, анағұрлым көне нанымдардың (әсіресе ағаш культінің) қалдықтары бар.[6]
Кәсібі
Негізгі дәстүрлі кәсіптері - егіншілік (бидай, арпа, жүгері, күріш, картоп, бұршақ, кендір, мақта), мал шаруашылығы, орман шаруашылығы, металл өңдеу, тоқымашылық. Аңшылық пен терушілік (әсіресе дәрілік шөптер жинау) дамыған.[7]
Өмір салты
Отбасы шағын, патрилинейлік, Нинлан өлкесінде және Сычуаньда матрилинейлік сақталған.
Тұрғын үйлері ағаштан жасалған, қаңқалы-бағаналы құрылыс, тауларда - оюлармен және суреттермен безендірілген бөрене үйлер бар.
Тағамның негізі – жарма, көкөніс, ет.
Ерлер киімі – күрте пен шалбар, әйелдердікі – күртеше, ұзын шалбар, Нинлан аймағында – белдемше, үстіне жамылғы.[7]
Сілтеме
- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Наси (халық)
Дереккөздер
- ↑ «Көрші» әмбебап мәдени журналы, № 6591-Ж, 2009,05,№ 36
- ↑ Үлкен Ресей энциклопедиясы. Тексерілді, 13 қазан 2024.
- ↑ Наси сөзінің мағынасы. Тексерілді, 13 қазан 2024.
- ↑ Наси (народ) https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/315367
- ↑ Советская историческая энциклопедия https://gufo.me/dict/history_encyclopedia/%D0%9D%D0%90%D0%A1%D0%98
- ↑ НАСИ https://slovaronline.com/browse/18b929a5-dcc7-30bf-8bac-fc324e929b8a/%D0%BD%D0%B0%D1%81%D0%B8
- ↑ a b народы мира / Наси http://www.etnolog.ru/people.php?id=NASI