Абруццо
Аудан | |||
Абруццо | |||
Abruzzo | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Енеді | |||
Әкімшілік орталығы |
Л’Акуила | ||
Басшысы |
Джанни Кьоди | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
39°00′00″ с. е. 16°30′00″ ш. б. / 39.00000° с. е. 16.50000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 39°00′00″ с. е. 16°30′00″ ш. б. / 39.00000° с. е. 16.50000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Жер аумағы |
10 794 км² | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
1 342 177 адам (30.11.2011) | ||
Тығыздығы |
124,7 адам/км² | ||
Координаттар: 39°00′00″ с. е. 16°30′00″ ш. б. / 39.00000° с. е. 16.50000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Абру́ццо (итал. Abruzzo),1963 жылға дейін Абру́цци (итал. Abruzzi) деп аталып келген - Италиядағы облыс.Тұрғыны - 1342 мың адам(2010ж),бүкіл халықтың 2,2%-ын құрайды.Аумақ халық саны бойынша 14 орынға ие.
Физика-географиялық сипаттама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Абруццо аумағы Апеннин түбегінің орталық бөлігінде, Адрия теңізі жағалауында Рим қаласынан шамамен 100 км қашықтықта орналасқан.Жер аумағы -10 794 км²(Италияда 13 орынға ие),үштен екі бөлігі таулар.
Орталығы - Л'Аквила қаласы.Ірі қалалардың бірі - Адрия теңізі жағалауында орналасқан Пескара қаласы.
Абруццо облысының аумағы ландшафтардың түрлілігімен ерекшеленеді:түбектің орталық бөлігіндегі таулар,көптеген жағажайларымен Адрия теңізінің адыр-адыр жағалауы.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Абруццо аумағы Неаполитандық хандығы мен Екi Сицилия хандығы құрамында болған.1861 жылы Италия құрамында,алдымен королдігінде, 1946 жылдан бастап республика құрамында болған.1963 жылға дейін Абруццо Молизе аумағымен Абруцци-е-Молизе аумағын құраған.
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Абруццоның ЖІӨ-і Италияның ЖІӨ-нің 1,8% құрайды,шамамен 26 807,3 млн. еуро. ЖІӨ бір адамға шаққанда 20 501,1 еуро.Абруццода туризм жақсы дамыған. Қалаларында ежелгі Рим және ортағасырлық құрылыстар сақталған.Қыста тауларында тау шаңғылы курорттар және базалар,жазда Адрия жағалауында демалыс кең таралған.
Символикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Абруццо туы — аумақтағы ресми символдардың бірі.1999 жылы 21 мамырда бекітілген.Ортасында қанық-қызыл ен және Абруццо елтаңбасы орналасқан.Елтаңбада 3 диагональды сызықтар - үстінде қарды бейнелейтін ақ тұс,ортасында орманды бейнелейтін жасыл түс және тауды бейнелейтін көк түс астында орналасқан.Араларының қатынасы - 2:3.
Қызықты фактілер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Абруццода 1984 жылы «Рыжая Соня» және «Леди-ястреб» киноларының түсірілімдері болды.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Абруццо аудандары (итал.)
- Абруццо туралы сайт орысша Мұрағатталған 17 қаңтардың 2012 жылы. (орыс.)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Abruzzo |
Бұл — Италия географиясы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |