Tour First

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Tour First
Бұрынғы атауы

Tour AXA
Tour UAP
Tour Assur
CB31

Жалпы мәлімет
Статусы

салынған

Сәулет стилі

Модернизм

Қолданылуы

кеңсе ғимараты

Орналасуы

 Франция, Иль-де-Франс, О-де-Сен, Курбевуа, Дефанс, 1-2 Place des Saisons

Орналасқан қала

Париж

Мемлекет

Франция

Құрылысы аяқталды

1974

Жөнделген уақыты

2007 –2011

Биіктігі
Антеннаның төбесі

231 м

Шатыры

225 м

Ең соңғы қабат

203 м

Техникалық сипаттамасы
Қабаттар саны

52 + 3 жер асты

Ғимараттың ішкі ауданы

86 707 м²

Лифтілер

32

Дизайны мен құрылымы
Иемденуші

Beacon Capital Partners (ағыл.)

Сәулетшісі

Kohn Pedersen Fox (ағыл.)
Пьер Дюфо (фран.)

Соғушы

Cogedim Entreprise

Инженері

Iosis Bâtiments

Бас мердігер

GFC + Bouygues

Картада орналасуы
Tour First (Париж)
Tour First
kpf.com/project/tour-first

Координаттар: 48°53′20″ с. е. 2°15′06″ ш. б. / 48.88889° с. е. 2.25167° ш. б. / 48.88889; 2.25167 (G) (O) (Я)

Tour First — Дефанс орамындағы кеңселік зәулім ғимарат (Курбевуа коммунасы, О-де-Сен департаменті, Иль-де-Франс аймағы, Франция). Биіктігі 231 метр, ол Еуропадағы ең биік ғимараттар тізімінде 26-шы орында (Қазақстанды қоса[1]), ЕО-дағы ең биік ғимараттардың тізімінде (ағыл.) 8-ші, және Франциядағы ең биік ғимарат (бірақ құрылым емес)[2].

«Эспланад-де-Ля-Дефанс» және «Ля-Дефанс» метро станцияларынан зәулім ғимаратқа шығатын жол бар. Ғимарат, жоғарыдан қарағанда, Париж сақтандырушылар одағы (фран.) символы болып табылатын тұрақты үш бұрышты жұлдыздың пішінге ие. Кешкі және түнгі уақытта (қыста 17:30-дан келесі күні таңғы 9:00-ге дейін) ғимараттың жарықтандырылуы ертеңгі ауа-райы туралы түрлі-түсті хабар береді.

Негізгі сипаттамалары
  • Құрылысы: 1974 жылы аяқталды, 2007-2011 жж. күрделі жөндеуден өтті
  • Биіктігі: 231 м (шпиль), 225 м (шатыры), 203 м (жоғарғы қабаты); күрделі жөндеуге дейін, 1974 жылдан 2011 жылға дейін — 159 м.
  • Қабаттар: 52 + 3 жер асты
  • Лифттер: 32 (максималды жылдамдық 7 м/сек.)
  • Үй-жайлардың ауданы: 86 707 м²
  • Тұрақ орындары: 139
  • Сәулетшілер: Kohn Pedersen Fox (ағыл.) , Пьер Дюфо (фран.)
  • Бас инженер: Egis (фран.)
  • Негізгі салушы: Bouygues Bâtiment Île-de-France (фран.)
  • Иесі: Beacon Capital Partners (ағыл.)

Зәулім ғимаратты 1974 жылы Bouygues салған, содан кейін оның биіктігі 159 метр (39 қабат) болатын. 2007 жылдың наурызынан 2011 жылдың күзіне дейін күрделі қайта жөндеу жүргізілді, нәтижесінде ғимараттың биіктігі 231 метрге жетті, ал 52 қабатқа жетті.

Бұған дейін зәулім ғимарат Tour CB 31 (1974), Tour UAP (1974-1998), Tour AXA (1998-2007) және Tour Assur (2007-2010) деп аталды. 2010 жылдан бастап оның қазіргі атауы — Tour First .

Негізгі жалға алушылар: Ernst & Young (2011 жылғы қарашадағы жағдай бойынша 17 қабаттағы 3 100 қызметкер 33 500 м² аумақты алып жатыр) және Euler Hermes (2012 жылғы жағдай бойынша 21 000 м² аумақты алып жатыр).

Сондай-ақ, қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Еуропа және Азия құрлығында орналасқан, сонымен қатар Еуропа мен Азия арасындағы шекара қараңыз.
  2. Франциядағы ең биік құрылыс — Эйфель мұнарасы

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]