Raffaello
Raffaello (қаз. Раффаэлло)[1] — 1990 жылдан бастап шығарған Италиялық Ferrero компаниясының кәмпит маркасы.
Шартәріздес вафлиге ұқсайды және ішіне кілегей мен бадамды толтырған. Сырты бір қабат кокоспен қапталған.
Раффаэлло кәмпиттері лавсан қабығына оралып және әр түрлі формадағы металл коробкаларымен жеткізіледі. Кәмпит жеке дараланып қапталады. Сәйкесінше түстері де әр түрлі. Бір кәмпиттің массасы 10 грамм.
Раффаэлло кәмпитінің құрамы: кептірілген кокос, өсімдік майлары, қант, бадам жаңғағы, кептірілген майсыз сүт, бидай ұны, сүттің құрғақ сарысуы, лецитин, ароматизаторлар, топиокалық көмірсу, натрий гидрокарбонаты, тұз. 100грамм кәмпиттегі тағам құндылығы: ақуыз - 9,3г; майлар - 47,8 г; көмірсулар - 36,8г. Энергетикалық құндылығы 615 ккал-ды (2552 кДж) құрайды.
«Марка № 1 в России 2009» атты жүлдені жыл сайынғы премия нәтижесіне сәйкес Раффаэллоны №1 марка етіп мойындаған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Raffaello — Ferrero. Тексерілді, 10 маусым 2014.