Мазмұнға өту

Psyche

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Psyche

Ұйымы  АҚШ, НАСА
Басты мердігерлері SpaceX
Тапсырысы Астероидтарды зерттеу
Ұшыру күн-айы 13.10.2023 ж., Кеннеди ғарыш орталығы[1]
Сөре көлігі Falcon Heavy зымыран-тасығышы
Тапсырыс ұзақтығы 5 жыл 10 ай баруға,
21 ай орбитада
NSSDC нөмірі 2023-157A
Торабы www.nasa.gov/psyche
Массасы 1648 кг (отынмен 2608 кг)
Қуаты 4500 Вт

Psyche — 2023 жылдың қазанында ғарышқа ұшырылған НАСА миссиясы, (16) Психея астероидын орбитадан зерттеуді көздейді.

(16) Психея — Негізгі белдеудегі ең ауыр металды астероид. Жерден жүргізілген радарлық бақылаулар оның темір мен никельден тұратынын көрсеткен.[2]

Psyche астероидқа 2029 жылы жақындайды деп жоспарланған.

Миссия келесі сұрақтарға ғылыми тұрғыдан жауап беруі тиіс:[3]

  • (16) Психеяні планетезималь ядросы деп қарастырған дұрыс па? Күннен алшақтығы ондай денелердің құрылысына қалай әсер еткен?
  • Осы астероидта мантиясы болған ба, ол қалай және қашан ұшырылды?
  • Бұрын астероид балқыған күйде болса, оның қатуы қалай жүрді, ортасынан ба, сырттан бастап па?
  • Қату барысында астероидтың магнит өрісі қалай өзгерген?
  • Темірмен бірге қорытпалар түзген элементтердің негізгілері қайсы?
  • Геологиялық пен топографиялық жағынан (16) Психея тасты және мұзды астероидтардан қаншалықты өзгеше келеді?

Құрылғылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Көпспектрлі камера —астероидтың геологиялық және топографиялық түсірілуін қамтамасыз етеді.
  • Гамма-/нейтрондық спектрометр — астероидта таралған элементтерді көрсететін құрылымдық картаны жасайды.
  • Магнитометр — астероидтың қалдық магнит өрісін өлшейді.
  • Deep Space Optical Communication — тәжірибелік лазерлік байланыс технологиясы. Ғарыш кеменің Жермен байланысын 10-100 есе жақсартады деп жоспарлануда. Psyche сигналдарын Калифорниядағы телескоп қабылдайтын болады.

Қозғалтқышы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Psyche аппаратында төрт SPT-140 (Stationary Plasma Thruster) қозғалтқышы бар. Олар Холл эффектісінің негізінде жұмыс істейді, яғни электрлік қозғалтқыш болып келеді. (16) Психеяға жету үшін химиялық қозғалтқышқа қажет болатын отынның тек 10% ғана жеткілікті болады, әрі жылдамдығы көбірек болады. SPT-140 қозғалтқышы отынды жандырмайды, оны иондандырады және электр өрісі көмегімен соплодан шығарады. Пайда болатын реактивті ағын химиялық қозғалтқыштағыдан едәуір жылдамырақ болады. Отын ретінде ксенон пайдаланылады.[4][5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Psyche

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]