Мазмұнға өту

Google Assistant

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Google Assistant
Тұрпат

интелектуалды дербес бағдарламалық агент

Автор

Google

Жасаушы

Google

Жазылған

C++

Операциялық жүйелер

Android, iOS және Wear OS

Интерфейс тілдері

мультитіл

Бірінші шығару

18 мамыр 2016 жыл

Ақпараттық платформа

Wear OS, Android Auto және Chrome OS

Соңғы нұсқа

0.1.601924805

Жағдай

даму үстінде

Сайт

https://assistant.google.com/

Google AssistantGoogle-мен жасалған, мобильді және ақылды үй құрылғыларына арналған виртуалды көмекші. Google Now-дан айырмашылығы - екі жақты әңгіме жүргізу мүмкіндігі.

Пайдаланушылар көбінесе дауыс арқылы әрекеттеседі, бірақ пернетақтамен де жұмыс істеуге болады. Google Now сияқты Assistant ғаламторда ақпарат іздеуге, оятқыш пен күнтізбеге оқиғаларды қосуға, қолданушы құрылғысындағы қондырғыларды реттеуге және қолданушының Google аккаунтынан мәліметті көрсетуге қабілетті. Google-дың айтуы бойынша, жақын арада Assistant түрлі заттарды тани және визуалды ақпаратты құрылғы камерасы арқылы жинай алатын болады. Сонымен қатар, сауда мен ақша аудару, өлеңдерді тани алатын болатындығы белгілі.

CES 2018 (Тұтынушылық электрониканың халықаралық көрмесі) кезінде 2018 жылдың ортасына жоспарланған тұңғыш Assistant-пен жабдықталған ақылды дисплейлер (ақылды динамиктер мен бейне экрандары) жарияланды.[1]

Алғаш рет 2016 жылдың 18 мамырында Google-дың әзірлеушілер конференциясында Google Home ақылды динамиктер мен жаңа хабар алмасу қосымшасы Allo-ның бөлігі ретінде таныстырылған. Google-дың бас атқарушы директоры Сундар Пичай Assistant сөйлесу мен екі жақты диалог жүргізетіндігін және құрылғылар арқылы таратылатын қоршаған орта тәжірибесі екенін түсіндірді.[2] Сол айдың соңында “мінез-құлығын дамыту мақсатында” Google Doodle басқарушысы Райан Гермик пен Pixar студиосының аниматоры Эмма Коутсты жалдаған.[3]

Платформа ұлғаюы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Allo қосымшасы мен Google Home-нан басқа жүйе негізінде Assistant-ті тек Pixel және PIxel XL смартфондарына қосқан.[4] 2017 жылдың ақпанында Google Assistant-ті Android Marshmallow мен Nougat нұсқалары үшін енгізу басталғанын жариялады.[5][6] Android планшеттері бұл үдеріс негізінде Assistant-ке қол жеткізе алмады.[7][8] Assistant Android Wear 2.0-ге қосылғаны және болашақта оны Android TV мен Android Auto құрамына кіретіндігі белгілі. 2017 жылдың қазанында шыққан Google PixelBook Google Assistant-ті бар алғаш ноутбук аталды. Кейінірек Google Pixel Buds-қа да келді. 2017 жылдың желтоқсанында Assistant Android Lollipop пен 6.0 Marshmallow және 7.0 Nougat планшеттеріне Google Play Services арқылы енгізілетінін растады.

2017 жылдың 15 мамырында Android Police Google Assistant iOS оперативті жүйесіне бөлек қосымша ретінде болатынын жариялады.[9] Ақпарат екі күннен кейін Google-дың әзерлеушілер мәжілісінде расталды.

2018-дің қаңтарында СES-те алғаш Assistant орнатылған “смарт дисплейлер” шығарылды. Смарт дисплейлер Lenovo, Sony, JBLand және Google атынан көрсетілді. Бұл құрылғылар Google Duo видео шалуды, YouTube видеоларын, Google Maps карталарын, Google Calendar-ды, смарт-камера бейнелерін көруді, сонымен қатар Google Home девайстарымен жұмысты қолдайды. Аталмыш девайстар бастапқы шығарылымы 2018 жазына жоспарланған, ал үшінші тараптың қолдау көрсетуі жыл соңында пайда болады.

Әзірлеушілерді қолдау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2016 жылдың желтоқсанында Google “Actions on Google” атты әзерлеушілер үшін платформаны іске қосты. [10] Оның көмегімен үшінші тарап әзірлеушілері Google Assistant үшін бағдарламалар жасай алады. 2017-нің наурызында Google Assistant-ке арналған ойындарды жасау үшін платформаға жаңа құралдар қосылды. Кейін “Actions on Google” Android және IOS құрылғыларында да қолжетімді болған кезде (2017 ж. мамыр) Google үйлесімді өнімдер мен қызметтерді шолу үшін қосымшалар каталогын ұсынды. Әзірлеушілерді Action-ды қолдануға ынталандыру үшін Google сайыс ұйымдастырды. Бірінші орын иеленген Google-дың әзерлеушілер конференциясы 2018-ге билет, $10000 және Google кампусы бойынша экскурсия, екінші мен үшінші орындар сәйкесінше $7500 және $5000  мен Google Home ұтып алады.[11]

2017 ж. сәуірде бағдарламалық жасақтаманы әзерлеу үшін жинақ (SDK) жарық көрді. Ол арқылы үшінші тарап әзірлеушілері Google Assistant үшін өзіндік жеке құралдарын дайындай алады. Ол Raspberry Pi мен Audi және Volvo көліктері, iRobot, LG, Genreal Electrics және D-Link атты компаниялардың тоңазытқыш, пеш сияқты ақылды үй құрылғыларының құрамына енді. SDK 2017 ж. желтоқсанында тек Google Home ақылды динамиктері мен Google Assistant-пен жабдықталған смартфондарда ғана болған мүмкіндіктерді басқа девайстарға қосу мақсатымен жаңартылды.

Мүмкіндіктер қатарында:

  • үшінші тарап әзірлеушілері өздерінің қосымшалары үшін коммандаларды өздері жасау
  • мәтінге негізделген әрекеттесу мен басқа тілдерді қосу
  • құрылғыда нақты географиялық орынды анықтау[12]

Өзара әрекеттесу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Google Now-дан айырмашылығы, Google Assistant-тің Google-дың тілдерді өңдеу алгоритмі арқылы екі жақты әңгіме жүргізу мүмкіндігі. Ізденіс нәтижелері қолданушылар ашу үшін баса алатын карта түрінде беріледі. 2017 ж. Google-дың айтуы бойынша Google Home қолданушылары сауданы түгелімен ауызша жүргізе алады. Ол үшін Google Express қолданылған, ал қолжетімді тауарлар Whole Food Market, Costco, Walgreens, PetSmart, Bed Bath & Beyond және т. б. алынады. Google Assistant сатып алу тізімін қолдайды; одан бүрын бұл қызметті Google Keeps атқаратын, бірақ 2017 ж. сәуірінде ол Google Express пен Google Home-мен алмастырылды. Нәтижесінде қызмет атқарушылықтың жоғалуы орын алды.

2017 ж. мамырында Assistant пернетақта мен жазбаша жауаптарға, ақша аудару мен саудаға және ақпаратты девайс камерасы арқылы жинауға қабілетті екені жарияланды. Пернетақта арқылы қолданушылар Google Assistant-ке жасалған сұраныстар тарихын көре алады және аталмыш сұраныстарды өшіре не өзгерте алады. Дегенмен өшіру кезінде Assistant қолданушыны ескертеді, себебі сұраныс тарихы арқылы Assistant өз жұмыс сапасын жақсартуда. 2017 ж. қарашасында Assistant арқылы өлеңдерді анықтау мүмкіндігі пайда болды.

2018 жылдың 8-ші мамырында өткен жыл сайынғы Google I/O әзірлеушілер конференциясында Google-дың бас директоры Assistant-ке жаңа 6 дауыстың және солардың ішінде Джон Леджендтікі де болатынын жариялады. Бұл WaveNet атты DeepMind компаниясы әзірлеген дауыс синтезаторы көмегімен жүзеге асырылды. Ол дыбыстық үлгіні жасау үшін актерден талап етілетін аудио үлгілерінің санын айтарлықтай азайтты.

2018 ж. мамырында Google Assistant-ке Duplex атты қосымша шығуы жарияланды. Ол кәдімгі адами әңгімені адам дауысына еліктеу арқылы жүргізеді. Assistant автоматты түрде шаштаразға телефон шалу, мейрамханада резерв жасау немесе дүкендердің мереке күндері жұмыс уақытын тексеру сияқты әрекеттерді орындайды. Duplex істердің басым көпшілігін автоматты түрде орындай алса да, жасай алмайтын жағдайларды таниды және сондай кезде тапсырманы аяқтауды операторға тапсырады. Duplex адамға ұқсас мәнерде сөйоеу үшін жасалған, сол себепті оның сөйлеуінде “эээ” және “хмм” сияқты паразиттік сөздерді қолданған.[13] Оған қоса “мхм”-дай жиі қолданылатын фразалар да қосылған. Дәл қазір Duplex әлі әзерленіп жатыр және тексерістен 2018 ж. жазында өтеді.

Бұл жариялаудан кейін Duplex-тің әзерленуі әкелетін этикалық және әлеуметтік сұрақтар туындады. Мысалы, адамдар цифрлік роботпен сөйлесіп тұрғанын байқамауы да мүмкіндігін кейбір критиктер алдамшы көреді. Сонымен қатар, құпиялылық мәселесі де қозғалған. Duplex-тегі сұхбаттар виртуалды ассистенттің талдау және жауап беруі үшін жазылады. Кейінірек Assistant телефон шалу кезінде роботпен сөйлесіп тұрғанын хабарлайтыны белгілі болды.[14]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://www.theverge.com/2018/1/8/16860142/new-google-assistant-speakers-screens-lenovo-jbl-lg-ces-2018
  2. https://techcrunch.com/2016/05/18/google-unveils-google-assistant-a-big-upgrade-to-google-now/
  3. https://www.digitaltrends.com/mobile/google-assistant-getting-childhood/
  4. https://www.theverge.com/2016/10/4/13161028/google-phone-announced-pixel-xl-price-release-date-specs
  5. https://techcrunch.com/2017/02/26/google-assistant-its-ai-based-personal-helper-rolls-out-to-nougat-and-marshmallow-handsets/
  6. https://www.theverge.com/2017/2/26/14728594/google-assistant-android-phones-marshmallow-nougat-rollout
  7. https://www.androidpolice.com/2017/03/16/google-confirms-us-wider-assistant-rollout-will-not-reach-tablets/
  8. https://www.theverge.com/2017/3/16/14945500/android-tablets-google-assistant-no-rollout-yet
  9. https://www.androidpolice.com/2017/05/15/google-will-announce-assistant-for-ios-soon-in-the-us-only-at-launch/
  10. https://www.theverge.com/2016/10/4/13164882/google-assistant-actions-on-google-developer-sdk
  11. https://www.androidpolice.com/2017/05/29/google-offering-prizes-developers-making-google-assistant-actions/
  12. https://www.theverge.com/circuitbreaker/2017/12/20/16802554/google-assistant-sdk-update-new-languages-configuration-settings-actions
  13. https://ai.googleblog.com/2018/05/duplex-ai-system-for-natural-conversation.html
  14. https://www.bloomberg.com/news/articles/2018-05-18/google-s-duplex-ai-robot-will-warn-that-calls-are-recorded