DHL

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
DHL
Түрі

ЖШС

Құрылды

1969

Саласы

логистика, экспресс-пошта

Қызметкерлер саны

275 мың

Сайты

dhl.com

DHL — халықаралық неміс компаниясы, әлемдік логистика нарығындағы көшбасшылардың бірі. Штаб-пәтеріБонн (Германия) қаласында орналасқан.

Компания 1969 жылы Сан Франциско мен Гонолулу арасында құжат тасымалдау үшін құрылған. 1970 жылға қарай әлемнің көптеген елдеріне өзінің қызметін көрсете бастады. 1998 жылы Deutsche Post компаниясы DHL акцияларын сатып ала бастады. 2001 жылы Deutsche Post акциялардың бақылаушы пакетіне ие болып, 2002 жылы DHL-ды толығымен иемденді. Deutche Post DHL-ды сәтті жұта отырып, оны өзінің экспресс бөлімшесіне еңгізді.

Қызмет түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

DHL Express 220 мемлекетте 120000 астам қалаларға жедел жүк пен құжаттарды жеткізеді. Компанияның 5000-нан астам кеңсесі мен шамамен 76000 автокөлігі бар. DHL брендімен төрт еншілес компания қызмет көрсетеді.

  • DHL Supply Chain — жеткізу тізбектерін басқару;
  • DHL Global Mail — пошта қызметтері, тікелей пошта тарату;
  • DHL Global Forwarding — әуе тасымалдау, теңіз фрахты, мультимодалды тасымалдар;
  • DHL Freight — құрлықтағы тасымалдау.

Жалпы қызметкерлер саны — 275 мың адам (2011).

Қазақстандағы DHL

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]