Alibaba Group
Alibaba Group (Alibaba.com) — интернет-бизнеспен айналасатын компаниялар тобы.
Alibaba Group Қытайда, Ханчжоу қаласында орналасқан. Бұл группаның негізгі қызметкерліктері B2B схемасы бойынша және даналық онлайн саудамен айналасады. Қазіргі таңда Yahoo! компаниясы бұл группаның 43% акциясын иемденеді. Бұл группа негізінен өзіндік төлеу систамасы (Alipay) арқылы жұмыс атқарады. Alibaba Group өзіндік райондар бойынша сауда жасағанының арқасында тиімді жұмыс істеп отырады.
Компания 1999 жылы Ханчжоу қаласында 17 компаньонмен бірлесіп, Джек Ма деген адамның жетекшілігімен құралып, Alibaba.com интернет-сайтын тіркеген. Ең басынан Alibaba кіші және орта саудаға арналған алаң ретінде қаралып және онлайн - сауда ретінде етек алған. 2007 жылы қарашада группаның акциялары Гонконг фондтық биржасына қойылған. Сонымен қатар 2011 жылы 31 наурыз күні осы сайтқа тіркелген адам саны 240 елден 65 миллионға жеткен.
Сонымен қатар Alibaba Group еншілес бірнеше еомпаниямен басқарады.
Олар:
* Alibaba.com (Alibaba China, Alibaba International) — ашық сауда компаниясы.
- AliExpress — даналық және көтерме саудамен айналасатын интернет-дүкен.
* Taobao.com — интернет-дүкен және интернет-аукцион арқылы өтетін даналық сауда.
* Tmall.com
* Juhuasuan
* eTao
* Alibaba Cloud Computing
* China Yahoo!
* Alipay — онлайндық төлем сервисі.
2012 жылдың 24 мамыр күні Alibaba.com Қазақстан және Ресей саудасына шықты. Себебі, бұл группа QIWI группасымен келісім шартқа тұрды. 2012 жылдың 18 қыркүйегінде Alibaba Group өзінің 20% акциясын Yahoo! компаниясын қайтарып, сатып алды. 2018 жылдың көктемде Alibaba group Ele.me деген қытай тамақ жеткізетін онлайн сервисті сатып алды. Мәміледің сомасы $9,5 млрд құрастырылды.