Өзен үйректері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Өзен үйректеріне (лат. Аnatinае) 80-ге жақын түрлер топтасады. Көпшілік түрінің жыныстық айырмасы бар. Еркегінің қанатының сыртында металдың жарқырауық түсіндей жалт-жұлт еткен түсі, артқы саусағының жіңішке тері жалпыншағы болады. Тұмсығы жіңішке және үсті көтеріңкі келеді.

Бұл тұқымдас тармағына: қоңыр үйрек (лат. Аnаs рlatуrhynсһа), сұр үйрек (лат. А. stереrа), біз құйрық үйрек (А. асufа), ұсақ шәрегейлер (лат. Querguеdulа) т.б. жатады.

Бұл үйректер шөптесін, өсімдіктері мол суларды мекендейді. Қолайлы батпақты жерлерге де ұяларын салады. Шөбі жоқ терең суларға ұяламайды. Тайыз шөптесінді суларды мекен етіп, өсімдіктермен және су түбінің жануарларымен қоректенеді. Қорегінің көпшілігі өсімдік. Ұяларын көбінде жерге және кейбір кезде ағаштарға, ондағы басқа құстардың ұяларына немесе ағаштың қуыстарына да салады. Қоңыр үйрек 6-14, сұр үйрек 7-13, бізтұмсық 6-12 жұмыртқа салады, жұмыртқа басу мерзімі 24-28 күн. Көбінесе бізде Каспий теңізінде қыстап шығады. Бұлардың кәсіптік маңызы үлкен. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Омыртқалылар зоологиясы. Мектеп баспасы, Алматы, 1970