Мазмұнға өту

Әл-Ағраф сүресі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Әл-Ағраф сүресі — الأعراف

Сүренің арабша мәтіні
Атауының мағынасы

Биік тосқауылдар

Жіктелуі

Меккелік

Жерге түсірілу реті

39

Статистика
Сүре нөмірі

7

Аяттар саны

206

Джуз

8 – 9

Хизб

16 – 17 – 18

Рукуғ саны

24

Сөз саны

3825

Әріп саны

13877

Алдыңғы сүре

Әл-Анғам сүресі

Келесі сүре

Әл-Анфәл сүресі

Аударма

QuranAcademy.org
Kuran.kz

Аудио

Фалак.ru


                                   

Әл-Ағраф сүресі (араб. الأعرافБиік тосқауылдар) — 7-ш Құран сүресі. 206 аяттан тұрады Меккелік сүре. Соңғы, 206 аяты сәждәні талап етеді.

Жекелеген аяттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Арабша жазылуы: بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ


وَلَقَدْ خَلَقْنَاكُمْ ثُمَّ صَوَّرْنَاكُمْ ثُمَّ قُلْنَا لِلْمَلَائِكَةِ اسْجُدُوا لِآدَمَ فَسَجَدُوا إِلَّا إِبْلِيسَ لَمْ يَكُن مِّنَ السَّاجِدِينَ ﴿١١﴾

قَالَ مَا مَنَعَكَ أَلَّا تَسْجُدَ إِذْ أَمَرْتُكَ ۖ قَالَ أَنَا خَيْرٌ مِّنْهُ خَلَقْتَنِي مِن نَّارٍ وَخَلَقْتَهُ مِن طِينٍ ﴿١٢﴾ قَالَ فَاهْبِطْ مِنْهَا فَمَا يَكُونُ لَكَ أَن تَتَكَبَّرَ فِيهَا فَاخْرُجْ إِنَّكَ مِنَ الصَّاغِرِينَ ﴿١٣﴾ قَالَ أَنظِرْنِي إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ ﴿١٤﴾ قَالَ إِنَّكَ مِنَ الْمُنظَرِينَ ﴿١٥﴾ قَالَ فَبِمَا أَغْوَيْتَنِي لَأَقْعُدَنَّ لَهُمْ صِرَاطَكَ الْمُسْتَقِيمَ ﴿١٦﴾ ثُمَّ لَآتِيَنَّهُم مِّن بَيْنِ أَيْدِيهِمْ وَمِنْ خَلْفِهِمْ وَعَنْ أَيْمَانِهِمْ وَعَن شَمَائِلِهِمْ ۖ وَلَا تَجِدُ أَكْثَرَهُمْ شَاكِرِينَ ﴿١٧﴾ قَالَ اخْرُجْ مِنْهَا مَذْءُومًا مَّدْحُورًا ۖ لَّمَن تَبِعَكَ مِنْهُمْ لَأَمْلَأَنَّ جَهَنَّمَ مِنكُمْ أَجْمَعِينَ ﴿١٨﴾ وَيَا آدَمُ اسْكُنْ أَنتَ وَزَوْجُكَ الْجَنَّةَ فَكُلَا مِنْ حَيْثُ شِئْتُمَا وَلَا تَقْرَبَا هَـٰذِهِ الشَّجَرَةَ فَتَكُونَا مِنَ الظَّالِمِينَ ﴿١٩﴾ فَوَسْوَسَ لَهُمَا الشَّيْطَانُ لِيُبْدِيَ لَهُمَا مَا وُورِيَ عَنْهُمَا مِن سَوْآتِهِمَا وَقَالَ مَا نَهَاكُمَا رَبُّكُمَا عَنْ هَـٰذِهِ الشَّجَرَةِ إِلَّا أَن تَكُونَا مَلَكَيْنِ أَوْ تَكُونَا مِنَ الْخَالِدِينَ ﴿٢٠﴾ وَقَاسَمَهُمَا إِنِّي لَكُمَا لَمِنَ النَّاصِحِينَ ﴿٢١﴾ فَدَلَّاهُمَا بِغُرُورٍ ۚ فَلَمَّا ذَاقَا الشَّجَرَةَ بَدَتْ لَهُمَا سَوْآتُهُمَا وَطَفِقَا يَخْصِفَانِ عَلَيْهِمَا مِن وَرَقِ الْجَنَّةِ ۖ وَنَادَاهُمَا رَبُّهُمَا أَلَمْ أَنْهَكُمَا عَن تِلْكُمَا الشَّجَرَةِ وَأَقُل لَّكُمَا إِنَّ الشَّيْطَانَ لَكُمَا عَدُوٌّ مُّبِينٌ ﴿٢٢﴾ قَالَا رَبَّنَا ظَلَمْنَا أَنفُسَنَا وَإِن لَّمْ تَغْفِرْ لَنَا وَتَرْحَمْنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِينَ ﴿٢٣﴾ قَالَ اهْبِطُوا بَعْضُكُمْ لِبَعْضٍ عَدُوٌّ ۖ وَلَكُمْ فِي الْأَرْضِ مُسْتَقَرٌّ وَمَتَاعٌ إِلَىٰ حِينٍ ﴿٢٤﴾ قَالَ فِيهَا تَحْيَوْنَ وَفِيهَا تَمُوتُونَ وَمِنْهَا تُخْرَجُونَ ﴿٢٥﴾



Халифа Алтай бойынша::

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

"Расында сендерді жаратып сонан кейін бейнеледік. Сонан соң періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар!» дедік. Барлығы сәжде етті. Бірақ Ібіліс сәжде етпеді де сәжде етушілерден де болмады. (11)

(Алла Ібіліске): «Саған, Мен әмір еткенде сені сәжде етуден не тыйды?» деді. Ол: «Мен одан артықпын. Мені оттан жаратып, оны балшықтан жараттың» деді. (12)

(Алла): «Онда ол жерден түс. Онда сенің менменсуіңе болмайды. Дереу шық, қор болушылардансың» деді. (13)

(Ібіліс): «Қайта тірілетін күнге дейін мұрса бер» деді. (14)

(Алла): «Щынында мұрса берілгендерденсің» деді. (15)

(Ібіліс): «Ендеше, мені қаңғыртқаның себепті әлбетте мен де оларға қарсы Сенің тура жолыңда отырып аламын» деді. (16)

«Сонан соң оларға алды-артына, оң-солынан келемін де олардың көбін шүкір етушілерден таппайсың» деді. (17)

(Алла): «Қорланып қуылған түрде ол жерден шық. Әрине олардан кім саған ілессе, сендердің барлықтарыңмен тозақты толтырамын» деді. (18)

(Алла): «Әй Адам! Сен және жұбайың жаннатқа орналас. Екеуің қалағандарыңша жеңдер. Алайда осы ағашқа жоламаңдар. Сонда залымдардан боласыңдар» (19)

Сонда шайтан, ол екеуінің ұятты жерлерінің ашылуы үшін азғырды да: «Раббыларың сендерді осы ағаштан, екеуің періште болып кетеді немесе мәңгі қалып қояды деп ғана тыйған» деді. (20)

Және: «Шынында мен екеуіңді үгіттеушілерденмін» деп ант ішті. (21)

Сөйтіп екеуін алдап түсірді. Сонда екеуі ағаштан татқан сәтте, ұятты жерлері ашылып кетті. Екеуі жаннат жапырақтарынан үстеріне жапсыра бастады. Раббылары екеуіне: «Екеулеріңді осы ағаштан тыймап па едім? Расында шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?»,- деп дабыстады. (22)

(Адам ата мен Хауа ана): «Раббымыз, біз өзімізге кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мәрхамет етпесең әлбетте зиян етушілерден боламыз» деді. (23)

(Алла): «(Жаннаттан) бір-біріңе дұшпан болып түсіңдер. Сендерге жер жүзінде бір мерзімге дейін тұрақ және пайдалану бар» деді. (24)

«Ол жерде тіршілік етесіңдер де, ол жерде өлесіңдер. Және ол жерден қайта шығарыласыңдар» деді. (25)"

Аяттар 7:73-79

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Және Сәмүд еліне туыстары Салих (Ғ.С.) ды жібердік: “Әй қауымым! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сендерге Раббыларыңнан ашық мұғжиза келді. Міне Алланың іңгені сендерге бір мұғжиза. Оны еркіне қойыңдар, Алланың жерінде оттасын. Оған бір сұмдық істемеңдер. Әйтпесе, сендерді жан түршігерлік азап қолға алады” деді. (7:73)

Еске алыңдар! Сол уақытта Ғадтан кейін сендерді олардың орынбасары қылып, жер жүзіне орналастырды. Ойпаттарынан сарайлар жасап алып, тауларды үңгіп үйлер жасайтын едіңдер. Сондықтан Алланың нығметтерін еске алыңдар да жер жүзінде бүліншілік қылып жүрмеңдер. (7:74)

Елінің дандайсыған тобы, араларындағы иман келтіргендерді қор көріп: «Салихтың, Раббы тарапынан анық елші екенін білесіңдер ме?»,- деді. Олар: «Күдіксіз біз ол арқылы жіберілген нәрселерге сенеміз» деді. (7:75)

Дандайсығандар: «Күдіксіз біз сендер сенген нәрселерге қарсымыз» деді. (7:76)

Сондай олар іңгенді өлтіріп, Раббыларының әмірінен шықты да: «Әй Салих! Егер сен елшілерден болсаң, бізге бопсалағаныңды келтір» деді. (7:77)

Сонда оларды бір сілкініс қолға алды да үйлерінде етпеттеген бойдарында қалды. (7:78)

Сонда Салих олардан жүз бұрып: «Әй елім! Расында мен сендерге Раббымның бұйрығын жалғастырдым. Бірақ сендер үгіттеушілерді жақсы көрмедіңдер» деді. (7:79)"


Аяттар 7:1-29

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Әлиф Ләм Мим Сад. (1)

(Мұхаммед Ғ.С.) Бұл саған түсірілген бір Кітап. Сондықтан көңліңде кірбеңдік болмасын. Бұл арқылы ескертуің, мүміндерге үгіт үшін. (2)

Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге бой ұсыныңдар да Одан өзгені дос тұтып ілеспеңдер. Нендей аз ғана үгіт тыңдайсыңдар! (3)

Қаншалаған кентті жоқ еттік. Сонда оларға азабымыз түнделетіп немесе түскі дем алыста келді. (4)

Оларға азабымыз келген сәтте: «Біз рас залымдар болдық» деп қана айғайлау болды. (5)

Өздеріне елші жіберілгендерді сұраққа тартамыз әрі елшілерді де сұраққа тартамыз. (6)

Әрине оларға біліп баян етеміз. Негізінде оларға жасырын емеспіз. (7)

Ол күнгі таразылау шындық. Сонда кімнің таразысы (жақсылықта) ауыр тартса, міне солар құтылушылар. (8)

Және кімнің таразысы жеңіл тартса, аяттарымызға орынсыздық еткендіктері себепті зиян қылды. (9)

Расында сендерді жер жүзіне орналастырып өздеріңе онда күн көрістер жасадық. Нендей аз шүкір етесіңдер. (10)

Расында сендерді жаратып сонан кейін бейнеледік. Сонан соң періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар!» дедік. Барлығы сәжде етті. Бірақ Ібіліс сәжде етпеді де сәжде етушілерден де болмады. (11)

(Алла Ібіліске): «Саған, Мен әмір еткенде сені сәжде етуден не тыйды?» деді. Ол: «Мен одан артықпын. Мені оттан жаратып, оны балшықтан жараттың» деді. (12)

(Алла): «Онда ол жерден түс. Онда сенің менменсуіңе болмайды. Дереу шық, қор болушылардансың» деді. (13)

(Ібіліс): «Қайта тірілетін күнге дейін мұрса бер» деді. (14)

(Алла): «Шынында мұрса берілгендерденсің» деді. (15)

(Ібіліс): «Ендеше, мені қаңғыртқаның себепті әлбетте мен де оларға қарсы Сенің тура жолыңда отырып аламын» деді. (16)

«Сонан соң оларға алды-артына, оң-солынан келемін де олардың көбін шүкір етушілерден таппайсың» деді. (17)

(Алла): «Қорланып қуылған түрде ол жерден шық. Әрине олардан кім саған ілессе, сендердің барлықтарыңмен тозақты толтырамын» деді. (18)

(Алла): «Әй Адам! Сен және жұбайың жаннатқа орналас. Екеуің қалағандарыңша жеңдер. Алайда осы ағашқа жоламаңдар. Сонда залымдардан боласыңдар» (19)

Сонда шайтан, ол екеуінің ұятты жерлерінің ашылуы үшін азғырды да: «Раббыларың сендерді осы ағаштан, екеуің періште болып кетеді немесе мәңгі қалып қояды деп ғана тыйған» деді. (20)

Және: «Шынында мен екеуіңді үгіттеушілерденмін» деп ант ішті. (21)

Сөйтіп екеуін алдап түсірді. Сонда екеуі ағаштан татқан сәтте, ұятты жерлері ашылып кетті. Екеуі жаннат жапырақтарынан үстеріне жапсыра бастады. Раббылары екеуіне: «Екеулеріңді осы ағаштан тыймап па едім? Расында шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?»,- деп дабыстады. (22)

(Адам ата мен Хауа ана): «Раббымыз, біз өзімізге кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мәрхамет етпесең әлбетте зиян етушілерден боламыз» деді. (23)

(Алла): «(Жаннаттан) бір-біріңе дұшпан болып түсіңдер. Сендерге жер жүзінде бір мерзімге дейін тұрақ және пайдалану бар» деді. (24)

«Ол жерде тіршілік етесіңдер де, ол жерде өлесіңдер. Және ол жерден қайта шығарыласыңдар» деді. (25)

Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік-бұйым түсірдік. Негізінде тақуалық киімі жақсы. Солар Алланың белгілері. Әрине түсінерсіңдер. (26)

Әй адам баласы! Шайтан, ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жаннаттан шығарған сияқты сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық. (27)

Олар қашан бір арсыздық істесе: «Аталарымызды осы жолда таптық, мұны бізге Алла бұйырды» деді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Шынында Алла арсыздыққа бұйырмайды. Аллаға білмеген нәрселеріңді айтасыңдар ма?»,- де. (28)

(Мұхаммед Ғ.С.): «Раббым әділдікті бұйырды. Әрбір құлшылық орнында бет алыстарыңды туралап, діндеріңді Аллаға арнап отырып, Одан тілеңдер. Сендер бастапқы жаратқанындай және Оған қайтасыңдар» де. (29).

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Алдыңғы сүре:
әл-Ән'ам сүресі
Құран - 7 сүре Келесі сүре:
әл-Әнфал сүресі
Арабша мәтіні — Қазақ тілі

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114

Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу