Әл-Азхар мешіті
Координаттар: 30°02′42″ с. е. 31°15′50″ ш. б. / 30.04500° с. е. 31.26389° ш. б. (G) (O) (Я)
Әл-Азхар мешіті (араб.: جامع الأزهر الشريف ) — Каирдің ең ежелгі мешіттерінің бірі. Әл-Азхар толық атауы - «әл- Джәми әл-Азһар», яғни «күн сәулелі үлкен мешіт» деген мағынаны білдіреді[1]. Әл-Азхар мешітінің іргетасын 972 жылы Мысырдағы Фатимидтер әулетінің билеушісі Жауһар Ассықли әл-Муизз қалаған. Әл-Азхар - фатимилердің Мысырда салдырған ең алғашқы ескерткіші.
Әл-Азхар мешітінде Мысыр қаласында ежелгі замандардан бері қалыптасқан түрлі стильдердің қолтаңбасы бар. Өз заманында бұл мешіт үлкен саяси маңызға ие орын болатын. Мешітте алты кіру қақпасы бар, ең басты қақпа XVIII ғасырда салынған. XI ғасырда әл-Азхар бүкіл мұсылман әлеміне әйгілі оқу орнына, яғни университетке айналды.
Университетке дүниенің төрт бұрышынан талапкерлер келіп Құранды, хадистерді, мұсылман құқығын және араб тілін оқып үйренді. Әл-Азхар мешіті Әмір Ибн ал-Ас және ибн-Тулун мешіттеріне ұқсатып салынған. Әл-Азхар - қазір де мұсылман әлеміндегі ең әйгілі діни оқу орындарының бірі. Бұл университетте 90 мынға жуық студент білім алады. Теология, шариғат, әдебиет, әкімшілік істері және сауда, политехника, ауыл- шаруашылық, медицина, педагогика, мұсылман қыздар факультеттері сияқты факультеттер бар.
Каир мен провинция орталықтарындағы арнаулы діни мекемелер әл-Азхар университеті құзырында. Университетті әл-Азхар университетінің шейхы (ректор) басқарады. Ол - әрі бас имам. Универеитеттің орталық кітапханасында 80 мың кітап, 20 мың қолжазба сақтаулы.
Мешітте шеберлікпен салынған балконды бес мұнара бар. Мұнаралардың бағандары қыштан жасалынған, ондағы салынған ою-өрнектер өте күрделі. Мысыр өкіметінде әл-Азхар университеті істері жөніндегі министр тағайындалған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Al-Azhar Mosque |