Мазмұнға өту

Үлкен әупілдек

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Үлкен әупілдек

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Ескекаяқты құстар
Тұқымдасы: Құтандар
Тегі: Әупілдек
Түрі: B. stellaris
Екі-есімді атауы
Botaurus stellaris
(Linnaeus, 1758)
Botaurus stellaris

Үлкен әупілдек (лат. Botaurus stellaris) – Ескекаяқты құстар отрядының құтан тұқымдасының Әупілдек немесе Көлбұқалар туысына жататын құс.

Өзен-көл жағасын,[2] қалың қамыс арасын мекендейді. Түсі сарғылт, маңдайы, төбесі және желкесі қара қоңыр, көзінің алды жасыл сары түсті болады. Қанатының ұзындығы 320 – 350 мм, салмағы 900 г-ға дейін жетеді. Жемін аулауға түнде шығады, бақа, итшабақ, ұсақ балықтармен және су жәндіктерімен қоректенеді. Көбейер кезде ғана жұптасып, басқа уақытта жеке тіршілік етеді. 2 – 3 қоңырқай жұмыртқасын қамыс-қопа ішіндегі ұясына салады. Балапандары екі айлығында ұшады. Әупілдек – жыл құсы. Наурыз – сәуірде Қазақстанға ұшып келіп, қазан айында жылы жаққа қоныс аударады. Әупілдек жемсауына су толтырып алып, қайта шығарғанда ерекше дыбыс естіледі, аты соған байланысты аталған.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. BirdLife International (2008). Botaurus stellaris. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 4 ақпан 2009. Database entry includes justification for why this species is of least concern.
  2. «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
  3. «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007