Құз қарлығашы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Құз қарлығаш (Ptyonoprogne rupestris) - Қазақстандандағы құз қарлығаштар туысының жалғыз өкілі. Жар қарлығашқа жалпы ұқсас болса да құз қарлығаштың денесі ірілеу (12-22 грамм). Оның төсі - қоңыр белдікшесіз ақ, ал құйрығында алыстан жақсы байқалатын әр қауырсынында ірі, сопақ ақ түсті теңбілдері болады. Батыс тәңіртаудан тарбағатайға дейін тек Ресаубликаның оңтүстік-Шығыс тауларында ғана қоныстанады. Көбірек жартастардың маңынан кездесуі мүмкін. Мұнда ол қарлығашқа тән әдеттегідей шапшаң ұшып қана қоймай, қимылсыз жазылған қанаты үстінде жоғары көтерілген ауа ағынымен ірі жыртқыш құстардың әдеттегідей жасайтын әрекетіндей қанатын желбіретіп, қалықтайды. Жар қарлығаштан ерекшелігі - інде өмір сүрмейді, жартастың тік бетіне бекітіп, сондап ұя жасайды салындыдағы екі - алты теңбілді жұмыртқаларды аналығы он төрт күнге жуық басып, балапандарын аталығымен бірлесіп жиырма бес күнге жуық қоректендіреді. Сәуірде Ұшып келіп, Қазанда ұшып кетеді. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан жануарлары сериясы