Қоңыр үйрек
Қоңыр Үйрек (Anas strepera) –орташа денелі(0,7-1,3кг) үйрек. Жабын қауырсындары- біркелкі боз және қоңырқай , қанатында ақ «көзтартары» бар,оны ұшып жүргенде де, қонақтаған кезде де көруге болады.Еуразияның қоңыржай ендіктерінде және Солтүстік Американың батысыцнда кең таралған.Қазақстанда жазық суқоймаларда барлық жерлердеөмір сүреді десе де болады, тек қана үстірт және Бетпақдаланың құлазыған шөлді кеңістігінде кездеспейді. Ұяларды суға жақын құрғақ үлескілерге орналастырады.Салындыдағы 6-14 (көбінесе9-11) сарғыш жұмыртқаларды 4аптаға жуық аналығын басады,бұл кезде аталықтар түлеу үшін үйірге жиналады.Балапандар жұмыртқадан жарып шығысымен суға қарай жөнеледі, көбінесе бірнеше ұялас балапандар жинақталады,оларды аналығы бірлесіп қадағалайды.Жас балапандар 2айдан соң қанатына көтеріледі,бұл кезде аналықтар түлеп үлгереді.Түлеген аналықтармен балапандар бірлесіп,көшпенді өмір сүру дағдысын жалғастырады.Олар ұялау орындарда жылым түзілу соңынан дереу ақпанда пайда болады,қазанның соңында ұшып кетеді. Осы туыстың басқа өкілдері тәрізді әуесқой аңшылардың нысаны болып саналады.