Мазмұнға өту

Қаріп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
  1. Әріп (Letter) — типографиялық қорытпадан, ағаштан немесе пластмассадан жасалған, бір шетінде әріптің, санның не басқа да белгінің бейне бедері (очко) берілген тік бұрышты кесек (брусок). Басу процесі кезінде бейне бедеріне жағылған бояу қағазға таңба түсіреді.
  2. Қаріп (Font) — әліпбидегі әріптер мен тыныс белгілері ортақ графикалық стилде жасалған таңбалар жиыны.
  3. Қаріп отбасы (Font family) — белгілі бір атауы бар, бір ортақ стилде жасалған қаріптер жүйесі. Қаріп отбасында қаріптің бірнеше түрі болады, мысалы: әдепкі (regular), жуан (bold), қисық (italic), және т.б.

Қаріп кеглі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қаріп кегліпунктпен берілген қаріп өлшемі. Литераның жоғарғы және төменгі беттері аралығы өлшемі (1 пункт - 0,376 мм).[1]

Стандартты қаріптердің топтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қаріптер графикалық құрылысының сипатына қарай (контрастылығы, өлшемі және кертпеш пішіні) алты негізгі топқа бөлінеді:[2]

  • шабылған қаріптер — шағын контрастылы, кертпештері жоқ;
  • кертпештері әрең білінетін қаріптер — орташа контрастылы, тік штрихтардың бірнеше қалыңдатылған ұштары бар;
  • медиевальдік — орташа контрастылы және кертпештері кішігірім, үшбұрыш пішініне ұқас болып келеді; дөңгеленген әріптердің өстері кішігірім еңкейтілген;
  • кәдімгі қаріптер — тік бұрышта тік штрихтармен байланысқан, дөңгелек әріптердің өстері тік, контрастылы штрихтар мен жіңішке ұзын керпештері бар;
  • білеу қаріптер — шағын контрастылы, әрең білінетін шеңберлі тік бұрышта негізгі штрихтармен байланысқан, білеу түріндегі қалыңдатылған кертпештер;
  • жаңа шағын контрастылы қаріптер — ұзын, қалыңдатылған, ұштары дөңгелектелген және кішігірім шеңберлі тік бұрышта негізгі штрихтармен байланысқан кертпештер.

Кертпештер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қаріптердің көпшілігіне кертпештерді пайдалану тән болғанымен, кертпеші бар (антиква) және кертпештерсіз (гротеск) қаріптерден тұратын тұқымдастар, тіпті, кертпеш (мысырлық) немесе негізгі сызықтары бірдей жартылай кертпеш аралық қаріптерден тұратын топтар бар. Қаріптің, әсіресе кертпеш қаріптердің аса кең таралған нұсқасы - бұл балама бас әріптері бар нұсқа. Олар ресми және бейресми болып екіге бөлінеді.[3] Олар көлбеу етіп белгіленген минускулдармен үйлескен әшекейге ие болуы мүмкін немесе инициалдар ( әріптер ) түрінде пайдалану үшін шиыршыққа ие болуы мүмкін.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
  2. Understanding the Nuances of Typeface Classification. toptal.com. Тексерілді, 17 қараша 2022.
  3. Les différents types de polices de caractère. Serif, Sans-Serif et les autres. slidor.fr. Тексерілді, 17 қараша 2022.
  4. 35 Best Cursive Fonts for Beautiful Designs. vandelaydesign.com. Тексерілді, 17 қараша 2022.

Qarip.kz — қазақша қаріп қоры. Мұрағатталған 1 сәуірдің 2023 жылы.