Мазмұнға өту

Қалақайлар тұқымдасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Nettle family
Urtica dioica (Stinging nettle)
Urtica dioica (Stinging nettle)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Core eudicots
Сабы: Rosales
Тұқымдасы: Urticaceae
Juss., 1789
Синонимдері

Cecropiaceae C. C. Berg[1]

A.

Қалақайлар тұқымдасы (Urtіcaсеае) – қос жарнақты өсімдіктер. Көбінесе шөптесін, кейде бұта, шырмауық және ағаш түрінде өседі. Жер шарының барлық жерінде кездеседі, әсіресе, тропиктік, субтропиктік аймақтарда өсетін 60 туысы 700-дей түрі (кейбір деректерде 2 мыңға жуық түрі) бар. 2 туысқа жататын 7 түрі республиканың шығысындағы таулы аймақтарда, БалқашАлакөл ойыстарында, Тобыл, Есіл, Ертіс өзендері алабында, жол бойында, т.б. жерлерде өседі. Сабағы тік, жай жапырақтары кезектесіп немесе қарамауылықарсы орналасады. Өсімдікті түгелдей күйдіргіш түктер қаптап жатады. Ұсақ, реңсіз гүлдері шоғырбас, сыпыртқы, сырға тәрізді гүлшоғырына топталған. Дара және қос жынысты болады. Аталығы 4 не 5, аналығы – біреу, оның аузы қостілімді. Қалақайлар тұқымдасы желмен тозаңданады. Аталығы қалыпты жағдайда бүршік ішінде ішке қарай бүктеліп жатады. Тозаңданар кезде аталықтың жіпшесі дереу жазылып, желдің әсерінен тозаңқап жарылып, тозаңдар шашылады. Бұл тек осы тұқымдасқа ғана тән құбылыс. Кейбір түрлері (мысалы, эластостема) жыныссыз, тамыр атпалары, түйнектері арқылы вегетативті жолмен көбейеді. Жемісі – жаңғақша. Қалақайлар тұқымдасының арасында тағамдық, құнарлы мал азықтық, медицинада пайдаланылатын түрлері бар (мысалы, қос үйлі қалақай, күйдіргіш қалақай).[2]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Germplasm Resources Information Network (GRIN) Family: Urticaceae Juss., nom. cons.. Taxonomy for Plants. USDA, ARS, National Genetic Resources Program, National Germplasm Resources Laboratory, Beltsville, Maryland (17 қаңтар 2003). Тексерілді, 24 сәуір 2008.
  2. Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім