Мазмұнға өту

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
(ҚР ЕХӘҚМ)
Қазақстан елтаңбасы
Жалпы мағлұмат
Мемлекет  Қазақстан
Құрылған уақыты қараша 1996 жыл
(тұңғыш рет құрылды)
25 қаңтар 2017 жыл
(қайта құрылды)
Оның алдындағы мекемелер Еңбек министрлігі және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
(1996)
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
(2017)
Жоғарыда тұрған мекеме Қазақстан үкіметі
Штаб-пәтері 010000, Астана, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй,

«Министерлер үйі», 5–6-кіреберіс

Министр Светлана Жақыпова
Ресми сайты
gov.kz/memleket/entities/enbek

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіҚазақстан үкіметінің құрамына енетін, халықтың жұмысы, әлеуметтік жағдайы мен көші-қонына жауапты орталық атқарушы орган.

ЕХӘҚМ 1996 жылы Еңбек пен Халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің негізінде президент Назарбаевтың 29 қазан күнгі жарлығымен[1] құрылды.

Министрлік президенттің 2014 жылдың 6 тамызындағы №875 Жарлығына сәйкес таратылып, Министрліктің функциялары мен өкілеттіктері Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне берілді.

2017 жылдың 25 қаңтарында күшке енген президенттің жарлығымен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Денсаулық сақтау мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне бөлінді.

Міндеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басты міндеттері:

  • еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
  • жұмыспен қамту;
  • әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру;
  • мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;
  • балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау;
  • азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
  • еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау;
  • арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
  • өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
  • кәсіптік біліктілікті тану;
  • заңнамамен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.[2]

Комитеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 3 комитеті бар:[3]

Министрліктің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес көші-қон комитетінің міндетіне «көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіру» кіреді, сонымен қатар еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің қызметіне «еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы іске асыру және бақылау» жатқызылады.

Қарамағындағы мекемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Акционерлік қоғамдар

1. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы.

2. Республикалық протездік-ортопедиялық орталық.

3. "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы.

4. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар

1. Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы.

2. Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты

Министрлер тізімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Суреті Аты-жөні
(Өмір сүрген жылдары)
Қызметі Партиясы Үкімет басшысы
Әлеуметтік қамсыздандыру және Халықты әлеуметтік қорғау министрі (1991–1994)
1 Зәуре Қадырова
(1941 туған)
1990 маусым
1994
Нұр Отан Қараманов II
Терещенко
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері (1996–2014)
1 Наталья Коржова
(1958 туған)
қараша
1996
қазан
1999
белгісіз Қажыгелдин
Балғымбаев
Тоқаев
2 Николай Радостовец
(1955 туған)
қазан
1999
тамыз
2000
белгісіз Тоқаев
3 Әлихан Бәйменов
(1959 туған)
тамыз
2000
қараша
2001
белгісіз Тоқаев
4 Гүлжан Қарағұсова
(1950 туған)
қараша
2001
тамыз
2007
Нұр Отан Тоқаев
Тасмағамбетов
Даниал Ахметов
Мәсімов I
5 Бердібек Сапарбаев
(1953–2023)
тамыз
2007
4 наурыз
2009
Нұр Отан Мәсімов I
6 Гүлшара Әбдіқалықова
(1965 туған)
4 наурыз
2009
26 қыркүйек
2012
Нұр Отан Мәсімов I
Серік Ахметов
7 Серік Әбденов
(1977 туған)
26 қыркүйек
2012
10 маусым
2013
белгісіз Серік Ахметов
8 Тамара Дүйсенова
(1977 туған)
(м.а.)
10 маусым
2013
6 тамыз
2014
белгісіз Серік Ахметов
Мәсімов II
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі (2014-2017)
9 Тамара Дүйсенова
(1977 туған)
6 тамыз
2014
25 қаңтар
2017
белгісіз Мәсімов II
Сағынтаев
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері (2017 бері)
10 Тамара Дүйсенова
(1977 туған)
25 қаңтар
2017
9 ақпан
2018
белгісіз Сағынтаев
11 Мадина Әбілқасымова
(1978 туған)
9 ақпан
2018
22 ақпан
2019
Нұр Отан Сағынтаев
12 Бердібек Сапарбаев
(1953–2023)
25 ақпан
2019
20 тамыз
2019
Нұр Отан Мамин I
13 Біржан Нұрымбетов
(1968 туған)
20 тамыз
2019
18 қаңтар
2021
белгісіз Мамин I
Мамин II
14 Серік Шәпкенов
(1979 туған)
18 қаңтар
2021
7 сәуір
2022
Аманат Мамин II
Смайылов I
15 Тамара Дүйсенова
(1977 туған)
7 сәуір
2022
2 қыркүйек
2023
белгісіз Смайылов I
Смайылов II
16 Светлана Жақыпова
(1968 туған)
2 қыркүйек
2023
Ауыл Смайылов II
Бектенов

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 1 "Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетілдіру және мемлекеттік органдар санын қысқарту туралы" Қазақстан Президентінің 1996 жыл 29 қазандағы №3168 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1996, №43, 409-бап).
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы
  3. Құрылым  (қаз.). Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты. Тексерілді, 7 қыркүйек 2023.