Мазмұнға өту

Қазақстандағы дін

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Алматы орталық мешіті бейнеленген пошта маркасы, 2003. Ислам — Қазақстан халқының ең көп ұстанатын діні.

Бірнеше сауалнама бойынша, Қазақстан халқының көпшілігі, көбіне этникалық қазақтар, өзін суннит мұсылмандар деп есептейді.[1][2] 2020 жылы шиит мұсылмандар жалпы халықтың 0.55% құрады.[3]

Пью зерттеу орталығының шамалап бағалауынша, елдегі халықтың 75% Ислам дінін ұстанады. Есептеуі бойынша, халықтың қалған 14% христиан, 4% дінсіз және 0.9% өзге дін, көбіне буддизм, я паганизмді ұстанады.[4]

Жалпы елде 2023 жылғы санақ бойынша 2,752 мешіт бар[5] және олардың барлығы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына бағынады және оған елдің бас мүфтиі басшылық етеді.[6] Құрбан айт елде ұлттық мереке ретінде тойланады.

2020 жылы халықтың 20%-ы православиелік христиандар болды, оның ішінде дәстүрлі түрде көбіне этникалық орыстар, украиндар және беларустар бар.[3] 2011 жылы елдегі басқа христиан топтарына католиктер мен протестанттар (баптистер, пресвитериандар, лютерандар, елуліктер, методистер, меннониттер және жетінші күн адвентистері), соның ішінде Иегова куәгерлері және Соңғы күн әулиелерінің Иса Мәсіх шіркеуі сияқты реставрациялық христиан діндері кірді.[7] 2011 жылы барлығы 175 православиелік шіркеулердің, 53 католиктік шіркеулердің және 343 протестанттық шіркеулердің мен жалыныш үйлерінің тіркелгені белгілі болды; басқа тіркелген діни топтарға иудаизм, баһаи, индуизм, буддизм кірді.[7] 2011 жылы саентология, бірігу шіркеуі, бірнеше сопылық ұйымдар және ахмадия қауымы бұл діндер арасында тіркеле алмай қалды.[8]

Православиеде Юлиан күнтізбесі арқылы тойланатын Рождество да Қазақстанда ұлттық мереке мәртебесіне ие.[9]

Үкімет бірнеше дінді «дәстүрлі» деп санайды, соның ішінде ханафилік суннит исламы, орыс православие шіркеуі, грек және римдік католицизм, лютерандық және иудаизм; елдің кейбір бөліктері «дәстүрлі емес» азшылық діни топтардың өкілдерінен сақ болуы мүмкін.[10]

2022 жылы президент Тоқаев елді «зайырлы және толеранттық мемлекет» деді де, үкіметтің «радикалды қозғалыстар мен діни сепаратизмнің байқаусыз қалмайтынын» айтып кетті.[10]

Дін тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан тарихи түрде әртүрлі дінді ұстанатын алуан түрлі этностарды қабылдаған. КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіз республиканың құрылуы халық өмірінің барлық салаларында үлкен өзгерістерге әкелді. Кез келген мәдени бірегейліктің маңызды бөлігі ретінде халықтың діндарлығы да қарқынды өзгерістерге ұшырады.

2017 жылғы мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда баптист шіркеулеріне жиі рейд жасалады делінетін. Бұл шіркеу мүшелерінің тіркелмей жиналу себебінен орын алады. Тіркелмеген адам полицияның рейдіне түсу қаупі бар.[11] Сол жылы Иегова куәгерлеріне жасалған қысым бойынша да хабар айтылды; сол жылғы мамырда сол тіркелмеген дін өкілі Тимур Ахметовтің қамалға алынуы хабарланды.[12]

Қазақстанның дін істері агенттігі деректері бойынша елде 17 конфессия, 3088 діни бірлестік тіркелген.[13]

Толық мақаласы: Қазақстандағы ислам

ИсламҚазақстандағы ең ірі дін; ол бұл аймаққа VII–VIII ғасырда арабтардан келген еді.[14] Этникалық қазақтар көбіне сунниттер және өзін ханафи мазһабына жатқызады.

Елдің оңтүстігінде мұсылман халқының ең діншілі тұрады, бірақ ол облыстарда да басқа дін өкілдері де бар.[15]

Христиандық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Алматыдағы Вознесенск кафедралы шіркеуі

Христиандық — Қазақстандағы Исламнан кейінгі екінші ең ірі дін. Христиан қазақстандықтардың көпшілігі — Орыс православ шіркеуіне тікелей бағынатын этникалық орыстар, украиндар, беларустар және басқа этнос өкілдері.

2021 жылғы халық санағы Қазақстанның 17,19% христиан екенін атап өтті.[16] Басқа мәліметтерге сәйкес, халықтың 24% православие, 1% протестанттық немесе католик және қалған 1% басқа христиандық конфессияларға жатады.[3]

2009 жылы христиандық топтар қатарына лютерандар, пресвитериандар, методистер, жетінші күн адвентистері, елуліктер, баптистер, меннониттер, мормондар жатты.[17][18]

Баһаи діні

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстандағы баһаи діні бұрынғы Кеңес Одағында дінді басып-жаншу саясаты кезінде басталды. Осы уақытқа дейін Қазақстан Ресей империясының бір бөлігі ретінде 1847 жылы баһаи дінімен жанама байланыста болған еді.[19] Баһаи пионерлері кіргеннен кейін қауымдастық ұлттың бірнеше пайызы ғана болса да, ислам мен христиан дінінен кейінгі ең үлкен діни қауымдастыққа айналды.[20] 1994 жылға қарай Қазақстанның Ұлттық рухани ассамблеясы сайланды да,[21] қоғам өзінің күш-жігерін әртүрлі мүдделер бойынша көбейте бастады. Дін деректері мұрағаттарының қауымдастығы (Дүниежүзілік христиан энциклопедиясына сүйене отырып) 2010 жылы 7000-ға жуық баһаилердің бар болғанын есептеді.[22]

Қазақстандық пошта маркасында бейнеленген Алматыдағы Хабад-Любавич синагогасы, 2006

Қазақстандық еврейлерінің ұзақ тарихы бар. Қазақстанда шамамен 2,500–3,300 еврей бар, бұл халықтың 1% азы. Қазақстандық еврейлерінің көпшілігі ашкеназдар және орысша сөйлейді.[23][24]

Буддизм Қазақстанда XVII ғасырдан бері бар, бұған ғалымдар қазба жұмыстары кезінде тапқан ежелгі пагодалар мен храмдар дәлел. Қазіргі уақытта Қазақстанда ресми түрде тіркелген екі ғана буддистік ұйым бар, бірі Кореядан шыққан вон-буддизміне, екіншісі тибет буддизміне жатады.[25]

2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 14,663 буддист болған. Сондай-ақ, Қазақстан 2021 жылғы жалпы халық санағының қорытындысы бойынша елде шамамен 15,458 буддист бар.

Қазақстандағы индуистердің көбісі — Кришна есі халықаралық қоғамының, не Үндістаннан келген диаспораның мүшелері. 2010 жылы Қазақстанда шамамен 801 индус болған.[26]

Тәңіршілдік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Тәңіршілдік

Тәңіршілдікшаманизм, анимизм, тотемизм, поли- және монотеизм және ата-бабаларға табынумен сипатталатын Орталық Азия діні. Бұл түркілердің, моңғолдардың, мажарлардың, ғұндардың басым діні және ежелгі бес түрік мемлекетінің: Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Ұлы Бұлғария, Бірінші Болгар патшалығы және Хазария діні болды. Ырық бітікте Тәңір Türük Tängrisi (түркілердің құдайы) деп аталады.

Тәңіршілер өздерінің тіршілігін мәңгілік көк аспан (Тәңір), құнарлы жер-ана рухы (Ұмай) және аспанның киелі рухы деп саналатын билеушісі деп санайды. Аспан, жер, табиғат пен ата-бабалардың рухтары барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және барлық адамдарды қорғайды. Солтүстік Кавказдың ғұндары екі құдайға сенген: Парсы Исфандиярымен бірдей саналатын және жылқылар құрбандыққа шалынатын Тәңір Хан және Куар (құрбандары найзағай соққан). Тәңіршілдік Қазақстан, Саха, Бурятия, Тыва және Моңғолияда тибеттік буддизм және бурханизммен қатар қолданылады.

Дін ұстану еркіндігі және дінге толеранттық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстанда өте алуан түрлі діни орта бар. Дегенмен, кейде хабарланған Харе Кришналар мен Иегова куәгерлерін қудалау істері халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырды.[27][28][29]

Қазақстан Конституциясының 22-бабында «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар» делінген. 2011 жылғы 18 мамырда президенттің жарлығымен Дін істері агенттігі құрылды. Оның басты мақсаты Қазақстанның әр саласындағы дінаралық бейбітшілікті сақтау және діни ұйымдар арасындағы байланысты қамтамасыз ету болды.[30]

2023 жылы ел діни ұстану еркіндігі бойынша 4 ұпайдың 1 ғана қол жеткізді.[31]

Аймақ бойынша дін

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2021 жылғы санақ бойынша:[16]

Облысы Ислам Христиандық Басқалары Атеизм Жауап
бермеген
# % # % # % # % # %
Барлығы 13,297,775 69.31 3,297,550 17.19 45,897 0.24 432,140 2.25 2,112,653 11.01
Ақмола облысы 362,070 46.24 287,619 36.73 1,481 0.19 14,578 1.86 117,247 14.97
Ақтөбе облысы 760,924 83.97 88,968 9.82 1,788 0.20 15,298 1.69 39,242 4.33
Алматы 1,172,838 57.77 353,477 17.41 11,501 0.56 87,622 4.32 404,847 19.94
Алматы облысы 1,482,673 69.07 213,791 9.96 5,340 0.25 28,045 1.31 416,727 19.41
Астана 968,445 78.48 135,656 10.99 3,686 0.30 28,474 2.31 97,781 7.92
Атырау облысы 563,53 83.66 29,513 4.38 870 0.13 6,395 0.95 73,284 10.88
Шығыс Қазақстан облысы 846,457 63.11 447,764 33.38 2,984 0.22 28,108 2.10 15,979 1.19
Жамбыл облысы 1,009,257 84.16 90,275 7.53 2,045 0.17 14,403 1.20 83,279 6.94
Қарағанды облысы 701,013 51.99 441,806 32.76 5,988 0.44 50,671 3.76 148,990 11.05
Қостанай облысы 308,024 36.95 366,880 44.01 1,244 0.28 40,343 4.84 116,064 13.92
Қызылорда облысы 784,051 96.21 14,465 1.77 666 0.09 2,722 0.33 13,027 1.60
Маңғыстау облысы 508,701 69.21 30,967 4.18 907 0.16 32,191 4.38 162,242 22.07
Павлодар облысы 431,885 57.07 286,298 37.83 1,807 0.24 16,508 2.18 20,257 2.68
Солтүстік Қазақстан облысы 209,397 38.72 298,288 55.16 1,143 0.21 10,035 1.86 21,923 4.05
Түркістан облысы 1,897,485 92.38 32,341 1.57 792 0.05 5,009 0.24 118,394 5.76
Батыс Қазақстан облысы 529,961 78.44 106,732 15.80 1,342 0.19 11,147 1.65 26,473 3.92

Этнос бойынша дін

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2009 жылғы санақ бойынша:[18]

Этнос Ислам Христиандық Иудаизм Буддизм Басқалары Атеизм Жауап
бермеген
Барлығы 70.20 40.32 0.03 0.09 0.02 30.82 0.51
Қазақтар 99.80 0.9 0.02 0.01 0.02 0.01 0.04
Орыстар 0.43 92.64 0.04 0.02 0.03 6.09 0.75
Өзбектер 99.05 0.39 0.01 0.01 0.02 0.37 0.16
Украиндар 0.94 90.74 0.03 0.01 0.02 7.31 0.94
Ұйғырлар 98.35 0.51 0.02 0.01 0.03 0.61 0.47
Татарлар 79.57 10.24 0.02 0.03 0.06 8.11 1.97
Немістер 0.58 81.59 0.05 0.04 0.11 13.96 2.68
Корейлер 1.24 49.35 0.21 11.40 0.14 28.51 5.16
Түріктер 99.13 0.30 0.01 0.01 0.02 0.33 0.21
Әзербайжандар 94.81 2.51 0.02 0.02 0.03 1.86 0.76
Беларустар 0.79 90.16 0.04 0.01 0.03 7.82 1.15
Дүнгендер 98.93 0.37 0.01 0.03 0.04 0.34 0.28
Күрдтер 98.28 0.53 0.03 0.02 0.02 0.74 0.38
Тәжіктер 97.78 0.91 0.01 0.02 0.08 0.85 0.35
Поляктар 0.69 90.07 0.04 0.01 0.13 7.30 1.76
Шешендер 93.69 2.99 0.02 0.01 0.05 2.08 1.16
Қырғыздар 96.67 0.89 0.03 0.03 0.02 1.51 0.86
Басқалары 34.69 52.32 0.82 0.91 0.13 8.44 2.69

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 2009 жылдың халық санағының нәтижелері (12.11.2010)  (орыс.). stat.kz (12 ноября 2010). Мұрағат көшірмесі 13 қарашаның 2010 Wayback Machine мұрағатында
  2. Қазақстандағы діндер және олардың қоғамдағы орны  (қаз.). abai.kz (14 қазан 2022). Тексерілді, 13 шілде 2024.
  3. a b c National / Regional Profiles  (ағыл.). thearda.com. Тексерілді, 13 шілде 2024.
  4. Religious Composition by Country, 2010-2050  (ағыл.). Пью зерттеу орталығы (2 April 2015). Тексерілді, 13 шілде 2024.
  5. Абибулла, Назерке Қазақстанның Google, Яндекс карталарында қанша мешіт пен намазхана бар?  (қаз.). informburo.kz (18 қаңтар 2023). Тексерілді, 13 шілде 2024.
  6. Islam in Kazakhstan  (ағыл.). Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі. Мұрағат көшірмесі 18 қыркүйектің 2009 Wayback Machine мұрағатында
  7. a b Kazakhstan – International Religious Freedom Report 2010  (ағыл.). АҚШ мемлекеттік департаменті (17 November 2010). Мұрағат көшірмесі 31 желтоқсанның 2010 Wayback Machine мұрағатында
  8. АҚШ үкіметінің діни бостандық туралы есебі  (қаз.). Азаттық радиосы (20 мамыр 2013). Тексерілді, 13 шілде 2024.
  9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелері:  (қаз.). Қазақстанның Ресейдегі елшілігі. Тексерілді, 13 шілде 2024.
  10. a b Kazakhstan - International Religious Freedom Report 2022  (ағыл.). АҚШ мемлекеттік департаменті. Мұрағат көшірмесі 23 қарашаның 2010 Wayback Machine мұрағатында
  11. RAIDS ON CHURCHES IN KAZAKHSTAN  (ағыл.). opendoorsusa.org (10 May 2017). Мұрағат көшірмесі 16 қарашаның 2018 Wayback Machine мұрағатында
  12. Kazakhstan Imprisons Ailing Jehovah’s Witness and Bans His Worship  (ағыл.). Иегова куәгерлерінің ресми сайты (17 May 2017). Тексерілді, 13 шілде 2024.
  13. Діни бірлестіктер | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі дін істері комитеті  (қаз.). Қазақстан дін істері комитетінің ресми сайты. Мұрағат көшірмесі 14 шілденің 2015 Wayback Machine мұрағатында
  14. Қазақ жеріне ислам қалай келді?  (қаз.). Qazaqstan (20 ақпан 2015). Тексерілді, 13 шілде 2024.
  15. Түркістан – Қазақстанның бірегей діни орталығы  (қаз.). cabar.asia (17 наурыз 2020). Тексерілді, 13 шілде 2024.
  16. a b 2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының қорытындылары  (қаз.). Қазақстан Ұлттық статистика бюросы (17 наурыз 2020). Мұрағат көшірмесі 2 қыркүйектің 2022 Wayback Machine мұрағатында
  17. International Religious Freedom Report 2006  (ағыл.). АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі (15 September 2006). Тексерілді, 13 шілде 2024.
  18. a b The results of the national population census in 2009  (ағыл.). Қазақстан Ұлттық статистика бюросы (12 November 2010). Мұрағат көшірмесі 22 шілденің 2011 Wayback Machine мұрағатында
  19. Momen, Moojan Russia  (ағыл.). Baháʼí Encyclopedia. Тексерілді, 13 шілде 2024.
  20. Religious Groups in Kazakhstan  (ағыл.). Қазақстанның АҚШ-тағы және Канададағы елшілігі. Мұрағат көшірмесі 31 қазанның 2006 Wayback Machine мұрағатында
  21. The Bahá'í Faith: 1844-1963: Information Statistical and Comparative, Including the Achievements of the Ten Year International Baháʼí Teaching & Consolidation Plan 1953-1963  (ағыл.). Баһаи кітапханасы. Мұрағат көшірмесі 8 қазанның 2010 Wayback Machine мұрағатында
  22. QuickLists: Most Baha'i (sic) Nations (2010)  (ағыл.). thearda.com. Мұрағат көшірмесі 14 наурыздың 2013 Wayback Machine мұрағатында
  23. Kazakhstan - World Jewish Congress  (ағыл.). Дүниежүзілік еврейлер конгресі. Тексерілді, 13 шілде 2024.
  24. Kazakhstan Virtual Jewish History Tour  (ағыл.). Jewish Virtual Library. Тексерілді, 13 шілде 2024.
  25. Медерханова, Зәуре Kazakhstanis in Search of Nirvana: How Buddhism Came to Kazakhstan  (ағыл.). cabar.asia (14 January 2019). Тексерілді, 13 шілде 2024.
  26. Most Hindu Nations (2010)  (ағыл.). thearda.com.
  27. Corley, Felix KAZAKHSTAN: Officially-inspired intolerance of religious freedom steps up  (ағыл.). Forum 18 (3 April 2007). Тексерілді, 13 шілде 2024.
  28. Corley, Felix KAZAKHSTAN: More Hare Krishna home demolitions planned?  (ағыл.). Forum 18 (6 December 2006). Тексерілді, 13 шілде 2024.
  29. Palace of the Soul: Project Updates  (ағыл.). palaceofthesoul.com. Мұрағат көшірмесі 20 наурыздың 2008 Wayback Machine мұрағатында
  30. Қазақстанда дін істері агенттігі құрылд  (қаз.). Азаттық радиосы (21 мамыр 2011). Тексерілді, 13 шілде 2024.
  31. Kazakhstan  (ағыл.). freedomhouse.org. Тексерілді, 13 шілде 2024.