Қабыртқалар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Адам қабыртқалары.

Қабыртқалар (лат. costae ) — көкірек керегесінің бүйір қабырғаларының қаңқасын құрайды. Олар адам мен жануарларда екі бөліктен: сүйек қабыртқадан және қабыртқа шеміршегінен тұрады. Қабыртқалардың жоғарғы омыртқалық ұштарындағы қабыртқа бастары мен төмпекшелері көкірек омыртқаларының денелерімен және көлденең өсінділерімен буындар арқылы байланысады. Ал төменгі төссүйектік ұштарындағы қабыртқа шеміршектері төс сүйекпен жалғасады. Төссүйекпен тікелей жалғасқан алдыңғы 7-8 қабырғалар төссүйектік (стернальды) немесе нағыз қабырғалар, ал төссүйекпен тікелей байланыспайтын қабыртқалар астернальды немесе жалған қабыртқалар деп аталады. Жалған қабыртқалардың шеміршектері бір-бірімен жапсарласа бірігіп, қабыртқа доғасын құрайды. Дөңес келген қабыртқа басы көкірек омыртқа денесіндегі қабыртқа ойысымен байланысып, қабыртқа басының буынын түзеді. Қабыртқа басы қабыртқа мойыны арқылы қабыртқа төмпешігінен бөлініп тұрады. Қабыртқа төмпешігі көкірек омыртқасы көлденең өсіндісінің буын бетімен байланысып, қабыртқа төмпешігінің буынын жасайды. Қабыртқа денесінің сыртқы бетінде қабыртқа бұрышы жақсы байқалады. Қабыртқа денесінің кранио-дорсальды жиегінде бұлшықеттер бекитін еттік сай, ал каудо-медиальды жиегінде қан тамырлары мен жүйкелер өтетін тамырлы сай болады. Қабыртқалардың саны көкірек омыртқаларының санына сәйкес келеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9