Ян Тьерсен
Ян Тьерсен Yann Tiersen | |
Туған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
---|---|
Белсенділік жылдары |
1995— қазіргі уақытқа шейін |
Мемлекет | |
Мамандықтары |
сазгер, музыкант-орындаушы |
Аспаптары |
скрипка, фортепиано, аккордеон, виолончель, карильон, клавесин, мелодикалық гармоника, вибрафон, мандолина, банджо, флейта |
Жанрлары | |
Лейблдері | |
Марапаттары |
Өнер және әдебиет Орденінің иегері |
Ресми сайты |
Ян Тьерсе́н (фр. Yann Tiersen; 1970 жылы 23 маусымда туған) — француз мультиинструменталисті, сазгер-минималист әрі дирижёр. Алуан түрлі аспаптарды игерген. Олардың ішінде скрипка, фортепиано, аккордеон, акустикалық және электрогитара, виолончель, карильон, клавесин, мелодикалық гармоника, вибрафон, мандолина, банджо және т.б.
Өзінің шығармаларында басты аспап ретінде фортепиано және аккордеонды жиі қолданады. Сыншылар оны кейде Эрик Сати, Нино Рота және Penguin Cafe Orchestra-мен салыстырады. Амели фильміне жазылған саундтректің арқасында үлкен танымалдылыққа қол жеткізді.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тьерсен Брест қаласында дүниеге келген, қазіргі таңда Париж қаласында тұрады. Ол жастығында бірнеше музыкалық академияларда білім алған(Ренн, Нант, Булонь-сюр-Мер және т.б), кейінірек кейбір рок-топтардың мүшесі болды. Алғашқы альбомын шығарғанға дейін ол біраз уақыт театрлық қойылымдар мен қысқа метражды фильмдерге әуен жазған.
Францияда жетістікке ол 1998 жылы өзінің «Le Phare» атты үшінші альбомын шығарғанда жетті, бірақ 2001 жылы «Амели» (фильм үшін ол өзінің бірнеше ескі шығармаларымен қатар жаңа шығармаларын пайдаланды) француз фильміне әуен жазғанға дейін Францияның сыртында танымалдылыққа ие болмады.
Тьерсен француз фильмдеріне қалай әуен жазса («La Vie Rêvée des Anges» (1998, Эрик Зонка), «Alice et Martin» (1998, Андре Тешине), «Qui Plume la Lune?» (Christine Carriere, 1999), «Амели» (Жан-Пьер Жене, 2001)) солай шетелдік фильмдерге де әуен жазады, мысалы «Гуд бай, Ленин!» (2003, Вольфганг Беккер) неміс фильміне.
Оның көптеген шығармалары — аспаптық пьесалар. Қағида бойынша вокалдық шығармалары Тьерсеннің өзімен немесе шақырылған әртістермен орындалған. Ян Тьерсеннің жазбаларында қатысатындардың тізімі альбомнан альбомға өсіп келеді(толығырақ — төмендегі дискографиядан көріңіздер). «L'absente» атты бесінші альбомының жазылу барысында Тьерсен Françoiz Breut және Les Têtes Raides-пен ынтымақтасты. Оның «Les Retrouvailles» атты альбомы Tindersticks-тегі Stuart A Staples пен бұрында Cocteau Twins қатысушысы Элизабет Фрейзердің вокалын қамтыды; Тьерсен сондай-ақ «Lucky Dog Recordings 03-04» атты соло альбомында фортепианода ойнаған.
Оның жанды орындаулары бір-бірінен өте ерекшеленеді. Кейде оның орындауларына оркестр мен көптеген шақырылған қатысушылар қатысады. Сонымен қатар ол көрермен назарына жиі минималисттық сессияларды ұсынады, әдетте тек соғымпаз немесе басист және гитарашымен жетектеледі, Тьерсеннің өзі фортепиано, аккордеон және скрипка арасында жеңіл опустар, ал электрогитарада ауыр бірқалыпты өткелдер жасайды.
Ян Тьерсен өзінің турларында әр жолы Dominique A-ның көмегін қабылдайды, соңғысы өзінің өмірлік шаруалары мен жазбаларынан бос болған кезі.
Дискографиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Студиялық альбомдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1995 — La Valse des Monstres
- 1996 — Rue des cascades (ағылш.)
- Клэр Пише (фр.) қатысуымен
- 1998 — Le Phare
- Клэр Пише, Dominique A қатысуымен
- 1999 — Tout est calme
- The Married Monk (фр.)
- 2001 — L’Absente (фр.)
- Вена симфониялық оркестрі, Lisa Germano, Нейл Хеннон (The Divine Comedy, ағылш.), Доминик А, Francoiz Breut, Les Têtes Raides, Sacha Toorop (Zop Hopop), актриса Natacha Régnier, Christian Quermalet (The Married Monk), Marc Sens (Serge Tessot-Gay-мен жұмыс жасайтын), Christine Ott және ішектік квартет қатысуымен
- 2004 — Yann Tiersen & Shannon Wright (фр.)
- Шэннон Райт (фр.) қатысуымен
- 2005 — Les Retrouvailles (фр.)
- 2010 — Dust Lane (фр.)
- 2011 — Skyline
- 2014 — ∞
Концерттік альбомдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1999 — Black Session (фр.)
- Neil Hannon (The Divine Comedy), Bertrand Cantat (Noir Désir), Francoiz Breut, The Married Monk, Les Têtes Raides және ішектік квартет қатысуымен
- 2002 — C'était ici (фр.)
- 2006 — On Tour (фр.)
- Katel (фр.), Diam's, Et Gregoire (фр.), Des Têtes Raides (фр.), Marc Sens қатысуымен
Саундтректері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 2001 — Amélie Original Soundtrack
- 2003 — Good bye, Lenin!
- Клэр Пише (фр.) қатысуымен
- 2008 — Tabarly. Original soundtrack
- 2011 — J'y Suis Jamais Alle