Яксартозавр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Яксартозавр

Яксартозавр — коритозаврға ұқсайтын шөппен қоректенетін гадрозавр. Оның сүйектері Қытайдан табылды. Шекесінде өз тобындағы өзге динозаврлармен айқасуға және дыбыс шығаруға арналған дулыға тәрізді үлкен айдары болған. Аналықтардың айдары кішірек, ал балаларында айдар мүлдем болмаған. Ұзындығы 9 метрді құрайтын динозавр ламбеозаврин гидрозаврид тобына жатқан.Динозаврдың басүйегі сыр өзенінің бойынан да табылған. Тұқылы жалпақ, үшкір тістері болған.

Қызықты дерек

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ол бұдан шамамен 91 - 83 миллион жыл бұрын кейінгі Бор кезеңінде өмір сүрген.
  • Яксатозавр Қазақстанның Арал тауларынан басталатын Сырдария өзенінің аумағында өмір сүрген.
  • Оның тек бассүйегінің жоғарғы бөлігі мен ми қабы ғана табылған.

Мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қорегі : өсімдіктер
  • Салмағы : анықталмаған
  • Тұқымдас : Гадрозаврид
  • Отряд тармағы : Орнитопод [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы