Ядролық клуб
Ядролық клуб – ядролық, жаппай қырып-жою қуаты бар қаруларды иеленген елдердің атауы.
Ядролық клубтың алғашқы мүшесі ретінде АҚШ-ты атауға болады. Бұл ел 1945 жылғы 6 және 9 тамызда Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына қуаты 20 килотонна (кт) болатын 2 ядролық бомбаны тастаған болатын.
1949 жылыосындай алып жойғыш күші бар қаруды Кеңес Одағы Семей полигонында сынақтан өткізді. АҚШ пен КСРО-дан кейін ядролық клубқа мүшелікке Ұлыбритания, Франция және Қытай кірді. 1996–98 жылдары Үндістан мен Пәкістан ядролық қаруларды иемденген. 21 ғасырдың басында ресми түрде 7 ел ядролық клубқа мүше болды. Олар 1963 жылдан ядролық қаруларды тарап кету қаупінен сақтану шараларын қолға алуды бастады. АҚШ пен КСРО сол жылы ядролық қаруды ауада, ғарышта және жер астында сынақтан өткізбеуге қол қойылды. Стратегиялық қаруларды қысқарту (мамыр, 1972); ядролық қаруларды сынақтан өткізуді шектеу (маусым, 1974); ядролық жарылыстарды жер астында бейбіт мақсатқа пайдалану туралы шарт (мамыр, 1976), т.б. көптеген әлемдік бейбітшілікті нығайтуға бағытталған құжаттарды ядролық клубқа кіретін елдер іске асырды. 1991 ж. желтоқсанда КСРО тараған кезде 4 республиканың (РФ, Қазақстан, Украина, Беларусь) аумақтарында ядролық қару болды. Қазақстан, Украина, Беларусь республикалары ірі державалар (АҚШ, Ресей, т.б.) тарапынан өз аумақтарының қауіпсіздігіне кепілдік алғаннан кейін ядролық қарудан өз еріктерімен бас тартты. КСРО-ның ядролық қуатына ие болған Ресей ядролық клубтың толыққанды мүшесіне айналып, бұрынғы КСРО қабылдаған келісімдер мен шарттарды орындауға міндеттелінді. Ядролық клуб мүшелерінің арасында 20 ғасырдың аяғы мен 21 ғасырдың басында ракеталық қарулардан қорғаныс туралы келісім шартқа қол қою мәселелерінің маңызы артты. Соңғы 10 – 15 жылда ядролық қаруды ресми түрде иемденген 7 елдің қатарына Израиль, Иран, Солтүстік Корея сияқты елдердің де кіруі ықтимал деген пікір бар. Өйткені аталған мемлекеттерде бейресми түрде ядролық қарулар бар болуы ықтимал деп есептеледі. Сондықтан алдағы уақытта ядролық клуб мүшелерінің саны өседі деп күтілуде. [1]
Ядролық державалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қолда бар ресми деректерге сәйкес келесі мемлекеттер ядролық қаруға ие немесе иеленеді (алғашқы ядролық сынақ өткізілген жыл немесе қаруды иелену мерзімі бойынша):
№ | Мемлекет | Сынақ жылы | Ескертпелер |
---|---|---|---|
1 | АҚШ | 1945 | Адамзат тарихындағы жалғыз басқа елдің аумағында екі атом қаруын қолдану (Жапония, Хиросима және Нагасаки қалалары)
Өз аумағында (Невада штаты) және Бикини атоллында сынақтар |
2 | КСРО / Ресей Федерациясы | 1949 | Сынақтар тек өз аумағында (КСРО)
Жаңа Жер аралдары, Семей, Сары Шаған, Капустин Яр. |
3 | Ұлыбритания | 1952 | Рождество аралынан 50 км қашықтықтағы Монте-Белло аралдарында сынақтар |
4 | Франция | 1960 | Алжир аумағындағы сынақтар |
5 | Қытай Халық Республикасы | 1964 | Сынақтар тек өз аумағында (озеро Лоб-Нор) |
6 | Үндістан | 1974 | Нақты деректер жоқ |
7 | Израиль | 1979 | Атом қаруының болуын жоққа шығарады |
- | Оңтүстік Африка Республикасы | 1979 — 1989 жылдарда иеленген | 1989 жылы ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әлемдегі бірінші мемлекет |
- | Қазақстан | 1991 — 1992 жылдарда иеленген | АҚШ-тың көмегімен ядролық арсеналын хаттама бойынша Ресей Федерациясына берді |
- | Украина | 1991 — 1994 жылдарда иеленген | Өзінің ядролық арсеналын Ресей Федерациясына сыйға тартты |
- | Беларусь | 1991 — 1994 жылдарда иеленген | Өзінің ядролық арсеналын Ресей Федерациясына сыйға тартты |
8 | Пәкістан | 1998 | Нақты деректер жоқ |
9 | Корей Халық Демократиялық Республикасы | 2006 | Сынақтар тек өз аумағында |
Дереккөздер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 10 - том