Этьенн Бонно Де Кондильяк

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Этьенн Бонно Де Кондиьляк (1715 - 1780) - француз философы қазіргі сенсуализмнің негізін қалаушы. Танудың жалғыз көзі болып келетін барлық психикалық еске алудан бастап ойлау және ерікті білдіруде қабылдау сезімінің түрленуімен аяқталатын процесстерді түсіндіруге талаптанған.[1] 1740 жылы Кондильяк Дидроның үйірмесімен танысып, кейіннен «Энциклопедияға»қатысты. «Еркін сауданың тиімділігі» деген еңбегінде физиократтарды сынайды. К.-«Адамның жалпы тарихы» деген еңбектің авторы. Оның философиялық көзқарасы Локктың ықпалымен қалыптасады. «Жүйелер жөніндегі трактат» деген еңбегінде ол Декарттың «Тумыстық идеялар теориясын», Мальбранштың окказионализмін, Лейбництің монадолар жөніндегі ілімін сынға алып, нағыз ғылыми білім негіздеріне сүйенген философия қалыптастыру қажет деген озат идея ұсынды. Ол Берклиге қарсы «біздің түйсігіміздің қайнар көзі табиғат адамнан тыс, тәуелсіз өмір сүреді» деп тұжырымдайды. К. Спинозаның табиғатты субстанция деп қарауына қарсы шығып, алуан түрліліктің арғы тегі, негізі не екеніне біз көзімізді жеткізе алмаймыз дейді. К. Өзінің сенсуализмінен толық материалистік қорытындылар шығара алмайматериализм мен идеализмнің арасында ауытқуына қарамастан, оның 17 ғ-дың идеалистік метафизикасына қарсы жүргізген күресі франция материализмінің дамуына тікелей ықпалын тигізді.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1
  2. М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том. 672 бет.