Этнографиялық топ
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Этнографиялық топ – мәдениеті мен тұрмысында этнографиялық ерекшеліктері бар кейбір халықтар мен ұлттардың жергілікті жеке топтарына байланысты қалыптасқан атау.
Ұлттар мен халықтардың құрамындағы Этнографиялық топ әр түрлі жағдайларға байланысты қалыптасқан. Кейде халықтың не ұлттың құрамына енген тайпалар негізінде (түрікмендерде) немесе бір ұлттың, не халықтың екінші ұлт өкілдерімен араласуының нәтижесінде (мишарлар, камшадалдар), енді бірде көп уақыт бойы өзгеден оқшау қоныстанып, өзгеше геогр. жағдайда тұратын жергілікті топтар негізінде әр түрлі Этнографиялық топтар қалыптасқан.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|