Энь Шао
Энь Шао – Қытай дирижері. [1]Бейжің консерваториясын тәмамдаған. 1954 жылы 3 қазанда Тяньцзиньде дүниеге келген.
Қытай радиосының Симфониялық оркестрінде екінші дәрежелі дирижер болып қызмет атқарған. 1988 жылы Еуропада шығармашылығын бастаған.
1989 жылы Венгер телекөрсетілімінің Халықаралық дирижерлік конкурсының жеңімпазы болған. 1992-1995 жылдары Ольстер оркестріне, 1996-2002 жылдары Гилдфорд филармониялық оркестріне жетекшілік жасаған.
2002 жылы Макао Симфониялық оркестрін басқарады.
2006-2007 жылдары Қытай Ұлттық симфониялық оркестрінде бас дирижер болып тағайындалады.
2007 жылдан бастап қытай дәстүрлі аспаптарынан құралған Тайбэй қытай оркестрін басқарады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|