Мазмұнға өту

Эльзас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Эльзастың топографиялық картасы

Эльзас (Alsace) – Шығыс Франциядағы, Рейн өзені алабындағы тарихи аймақ. Аум. 8,2 мың км². Құрамында Төменгі және Жоғарғы Рейн департаменттері барлық Халқы 1,5 млн-нан астам (2003), этникалық құрамы негізінен эльзастықтардан тұрады. Негізгі қаласы – Страсбург порты. Эльзас – маңызды өнеркәсіптік – а. ш-ты аудан. Еңбекке жарамды халқының басым бөлігі өнеркәсіп саласында жұмыс істейді. Калий тұздары өндіріледі. Рейн өзенінде СЭС орналасқан. Өнеркәсібінің негізгі салалары – машина жасау, металл өңдеу, тоқыма. Машина жасаудың маңызды орт-тары – Страсбур мен Мюлуз, тоқыма өнеркәсібінің орт-тары – Страсбур мен Кольмар қалалары. Мұнай өңдеу, тағам (сыра, жүзім шараптарын шығару, ұн, ірімшік), темекі, ағаш кесу мен қағаз, шыны, тігін кәсіпорындары жұмыс істейді. Ауыл шарушылығы өнімдерінің жартысынан астамын мал шарушылығы (сүтті ірі қара, шошқа, құс өсіру) береді. Бидай, қара бидай, картоп, қант қызылшасы, темекі, мал азықтық дақылдар, Вогез тауларының етегінде жүзім өсіріледі. Эльзас жөніндегі алғашқы деректер 7 ғасырдағы жазба ескерткіштерде кездеседі. 7 ғасырдың соңы – 8 ғасырдың 1-жартысында герцогтік, одан кейін Каролингтер мемлекетінің құрамында – графтық болды. 870 ж. Э. Лотарингияның шығыс бөлігінің құрамында Шығыс Франк корольдігінің қарамағына өтті. Аймақтық Италиядан Германия мен Францияға қарай өтетін сауда жолдарында орналасуы 12 ғ-да оның қалаларының экон. және саяси жағынан дамуына жағдай жасады. Қалалардың көпшілігі өзін-өзі басақаруға қол жеткізді, кейбіреулері империялық мәртебеге ие болды. 13 – 14 ғасырларда шұға тоқу, шарап жасау дамыды. 15 – 16 ғасырларда Эльзас реформация мен гуманизмнің маңызды орт. болып, Страсбургте кітап басып шығару ісі тез дами бастады. 15 ғасырдың соңы – 16 ғасырдың бас кезінде Эльзасты шаруалар мен қала кедейлерінің қозғалысы шарпыды. 1648 ж. Вестфаль бітімі бойынша Эльзасты Францияға қарады, бірақ империялық қалалар Қасиетті Рим империясы қарамағында қалып қойды. 1673 ж. француз королі Людовик XІV Э-тың 10 қаласын, ал 1681 ж. Страсбургты басып алды. Рисвик бітімі бойынша (1697) Страсбург пен басқа да эльзастық жерлер Францияға бекітілді. 1871 ж. Франкфурт бітіміне сай Франциядан тартып алынған Э. пен Шығыс Лотарингия Германияға қосылып, Эльзас-Лотарингия жерін құрады. Бұл жер 1919 жылғы Версаль бейбіт келісімі бойынша Францияға қайтарылып берілді. 1940 – 45 ж. Эльзас пен Лотарингияны фашистық Германия басып алды. Фаш. Германия талқандалғаннан кейін Э. біржолата Францияға қайтарылды. Г. Көкебаева [1]


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

<references>

Мюлуздағы Сен-Этьен шіркеуі
Блан көлі
Эльзастағы ең биік нүкте — Гран Баллон шыңы.


  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том